Жеке медициналық зертханалар неге АИТВ-инфекциясына талдау жүргізбейді?
Осындай мәселемен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының көмегіне Қазақстан медициналық зертханалар қауымдастығы жүгінді
Бүгінде жеке зертханалар лицензиялардың берілмеуі себепті АИТВ-инфекциясына талдау жүргізу мүмкіндігінен қағылған. Осы бағытта Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы және ЖИТС-ке (жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы) қарсы күресу және аурудың алдын алу орталықтары ғана аккредиттелген медициналық мекемелер болып отыр. Алайда 2002-2010 жылдар аралығында осындай талдауды лицензия негізінде мүліктің формасына қарамастан емдеу мекемелеріне жүргізу рұқсат етілген болатын.
«Талдау жүргізіп, диагностика қоюға мемлекет миллиардтап ақша бөледі. АИТВ-инфекциясын зертханалых диагностикалау – лицензияланатын қызмет түрі, заңда талдау жүргізуге тұлға бойынша шектеу жоқ. Алайда денсаулық сақтау басқармалары министрліктің бұйрығын тілге тиек етіп, жеке зертханаларға лицензияларды беруден бас тартуда. Бұл қолдан жасалған кедергі», – деді «Қазақстан медициналық зертханалар қауымдастығы» ЗТБ президенті Алла Ким.
Бизнес-қоғамдастықтың пікірінше, жеке зертханалар қызмет көрсетудің халыққа қолжетімді кең ауқымына ие.
«Демек, зертханалар қызмет көрсетудің кең спектрін орындайды да, ал АИТВ-инфекциясына талдауды ЖИТС орталығына жібереді. Келесі күні клиент 1 анализден басқа барлық анализдің қорытындысын алады. Қанды апару, талдау мен нәтижені күту – уақыт алады. Бұдан бөлек, орталықтарда заңды тұлғаларға талдау ақылы түрде жүргізіледі», – деді Алла Ким
«Олимп» клиникалық-диагностикалау зертхананың бас директоры Ерлан Сүлейменов әріптесін қолдады. Кәсіпкер аталған талдау кепілдендірілген тегін көрсетілетін медициналық көмекке жатады.
«Бізге Қауымдастық келіп өтінім жасады. Енді бұзушылықтарды анықтаған тексеру нәтижесі бойынша біз ЖИТС орталықтары ақылы негізде көрсететін қызметтер заңдылығына күмән келтіріп отырмыз», – деді ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы.
Жұмыс істейтін 12 ЖИТС орталығының 4-уі ғана қызметті тегін көрсеткен, 2 орталықта тегін талдау жеке тұлғаларға қолжетімді, Асфендияров атындағы ҚАЗҰМУ-дың екі орталығы ақылы қызмет көрсетеді.
Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрлігі аталған жүйе АИТВ-инфекциясының таралуын шоғырландыру деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік береді деген сенімде.
«Жұқпалы аурудың таралуы негізінен АИТВ-инфекциясына анағұрлым әлсіз келетін халықтың негізгі топтарында және топтарға жақын ортада байқалады. Сондықтан әр өңірде жұмыс істейтін ЖИТС-ке қарсы орталықтардың жұмысы алдын алу жұмыстарына бағытталған. Бұл тексеру, ауруды анықтау, есепке алу, терапия жүргізу және ары қарайғы мониторинг жүргізумен барынша қамту. Кодекске сәйкес АИТВ-инфекциясына тексеру өкілетті орган тәртібінде анықталады делінген. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі тексеру тәртібін дәл осы ЖИТС орталықтарына бөлген. Орталықтардың материалдық-техникалық базасы диагностикалық тексеру және емдеу іс-шараларының толық көлемін қамтамасыз етеді», – деді Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева.
Кеңес төрағасы Қайырбек Сүлейменов аталған әрекеттер лицензиялау процедураларын, азаматтық кодексті тікелей бұзу екенін айтты. Оның үстіне министрліктің позициясы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының позициясына қайшы.
Жиын соңында Кеңес мүшелері Бас прокуратураға Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарына (№246 және №508) Кәсіпкерлік кодексіне қайшы келуі және бәсекелестікті шектеуші фактор ретінде қарсылық білдіруді ұсынды.
«Біздің пікірімізше, Денсаулық сақтау министрілгіне АИТВ-инфекцияларына зертханалық диагностика жүргізетін ұйымдар тобын кеңейту бөлігінде нормативтік-құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, зерттеулер жағдайында АИТВ-инфекциясының зертханалық зерттеулерін жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара іс-қимыл тәртібін анықтап алу қажет. Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігіне АИТВ-инфекциясының болуын ақылы негізде медициналық тексеру жүргізуді регламенттейтін жекелеген бұйрықты шығаруды ойластыру қажет», – деп атап өтті Қайырбек Сүлейменов.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: