astana-view

Алматыда алғашқы салалық кластер құру бойынша келісімге қол қойылды

2019 жылғы 23 Шілде
- Алматы қаласы
3889 просмотров

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы алаңында алғашқы салалық кластер құру бойынша келісімге қол қойылды. Аталған кластер сауда саласындағы бизнестің мүдделерін жүзеге асыратын болады.

Аталмыш жиын барысында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының төрағасы Аян Еренов, сонымен қатар Консалтингтік және сауда компаниялары қауымдастығының президенті, Brosh компаниясының иесі және Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Ольга Ким сауда саласындағы кәсіпкерлікті дамыту бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Бұл бастама сауда саласындағы кәсіпкерлікті дамытуға және одан әрі нығайту үшін институционалдық негіз қалыптастыру бойынша, шетелде отандық өндірушілерінің тауарларын ілгерілету саласындағы, кадрларды дайындау, қайта дайындау, біліктілігін арттыру және сертификаттау бойынша, кәсіпкерлікті дамыту саласындағы инновациялық тәжірибелерді енгізу бойынша бірлескен іс-қимылдарды жүзеге асыруға ықпал ететін болады.

Айта кету керек, сауда кластерін құру қажеттілігі мен маңыздылығы мегаполистің экономикалық ерекшелігіне негізделген: елдегі көтерме сауданың 46%-ы, бөлшек сауданың 32%-ы, жалпы сыртқы сауда айналымының 20%-ы Алматы қаласына тиесілі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер