astana-view

Цифрлық медицина дәрігер мен науқастың мүддесіне жауап бере ме?

2019 жылғы 25 Шілде
6094 просмотров

Электронды денсаулық сақтау жүйелерінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге дайындығы «Атамекен» алаңында талқыланды

Жиынға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, медициналық қоғамдастық және ІТ-компанияларының өкілдері қатысты.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бақарма Төрағасының орынбасары Алена Романованың мәлімдеуінше, «Атамекен» мауысым айының басында Денсаулық сақтау министрлігімен электронды денсаулық сақтау жүйелерінің дайындығына қатысты диалогты белсендірді.

«Денсаулық сақтау министрімен жиналыс өтті. Жиналыс барысында министр Палатаның өтініші бойынша, медициналық қоғамдастықты жұмысқа жедел жұмылдыруды тапсырды. Біз өз тарапымыздан  министрлік пен Қор жүргізіп жатқан жұмыстар жайында нарықты неғұрлым белсенді ақпараттандыруды сұрадық. Жұмыс келесі тізбекте өтеді – бір айда бір рет вице-министрдің қатысуымен атқарылған жұмысқа есеп жүргіземіз. 2-3 айда бір рет Министрдің қатысуымен жиындар ұйымдастырылмақ», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасының кеңесшісі Юлия Якупбаева.

Сонымен қатар  Юлия Якупбаева жеке медициналық ұйымдарды алаңдататын, Міндетті әлеуметтік медициналық жүйені іске қосқанға дейін шешілуі керек бірқатар мәселелерді айтып өтті.

«Біріншіден, электронды денсаулық сақтаудың құрылымы. Жүйе дәрігерлерге түсетін ауыртпалықты азайта ала ма? Қор және денсаулық сақтау басқармасы алдындағы есептілік көлемін төменде те ме? Қор әзірлеп жатқан «Сақтандыру» жүйесі деген не? Аталған жүйе медициналық ұйымдар бөлетін қаржы мониторингі мәселелсін шеше ме? Екіншіден, науқастарға арналған сервистер. Науқастың электронды төлқұжаты іс жүзінде жұмыс істей ме? Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде адамдар дәрігерлер көмегіне жиі жүгінетін болады. Бұған қоса дәрі-дәрмекті рецептімен беру бойынша нормалар іске қосылды, демек жалпы практикадағы дәрігерлерге түсетін ауыртпалық арта түседі. Электронды рецепт қашан жұмыс істей бастайды? Бұл жаңашылдыққа емханалар мен дәріханалар дайын ба? Кері байланысты және азаматтардың өтінімдері/шағымдарының біріңғай терезе жұмысын қалай жолға қоюға болады? Үшіншіден, қауіпсіздік мәселелері. Денсаулық туралы жаңа кодекс жобасы шеңберінде бірқатар түзетулер енгізілуде, бірақ олар қауіпсіздік мәселелелерін қажетті деңгейде шешпей отыр. Деректер әр медициналық ақпараттық жүйеде шашыраңқы жиналуда. Ситуациялық орталықтар және мемлекеттік органдар жеке деректерді иесіздендірмей өткізіп жатыр. Медициналық ұйымдардың үлкен ауқымы ішінде деректерге бақылау жүргізілмейді. Егер қағаз жүзінде бұл үлкен алаңдаушылық тудырмаса, онда электронды жазбалар түрінде бұл жеке жүйелік қауіп болмақ. Серверлерге, уақытша сақтау жүйелеріне талаптар бар ма? Жүйедегі ақпарат көлемі қарқынды өсетін болады, деректерді өңдеу жылдамдығы/интернеттік жылдамдық – бәрі қалай қамтамасыз етілмек? Төртіншіден, сараптама блогы, клиникалық процестерді, емдеу хаттамаларын, қаржы ағындарын бақылауды цифрландыру және т.б», – деп атап өтті Юлия Якупбаева.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды цифрландыру департаментінің директоры Бейбіт Есенбаев жиналысқа қатысушыларды МӘМС енгізу аясында жиналысқа қатысушыларды Денсаулық сақтау министрлігінің Ақпараттық жүйелерді дамыту жоспарымен таныстырды, ал «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Ботагөз Жақселекова «Сақтандыру» ақпараттық жүйесін таныстырды.

 Сонымен қатар медициналық ақпараттық жүйелерді енгізу бойынша ұсыныспен «Қазақстандық гематолог дәрігерлер қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Ирина Пивоварова сөз алды.

 «Цифрландыру бойынша топ жұмысына клиникалық ұйым өкілдерін тарту (Үкіметтік емес ұйымдар, Ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар және т.б.). Медициналық ақпараттық жүйелерді шамадан тыс реттелуін есепке ала отырып, деректерді 1С-пен біріктіру, электронды цифрлық қолтаңбаны қолдану, кадрлық мониторинг, аутсор режимінде пайдалануға рұқсат етілетін функционалдар (тамақтану блогы, дәріхана), науқасқа байланбаған нақты шығындар деректері (көпреттік қолданылатын қолдану медициналық тағайындау заттары, құралдар) арқылы деректерді жинау қажеттілігі мен өзектілігін қарау керек. Медициналық ақпараттық жүйелеріне талаптарды стандарттарға сәйкестігін процестер мен формалар бойынша емес, түпкі нәтиже бойынша бағдарлау керек. Біздің ұйымымыз түрлі міндеттерге бірнеше медициналық жүйелерді: клиникалық және басқарушылық жүйелерді қолданады, бұл жұмысқа ыңғайлы. Сондықтан бір немесе бірнеше ұйымдарда түрлі медициналық ақпараттық жүйелерді интеграциялау үшін хаттамаларды әзірлеуді сұраймыз», – деп атап өтті Ирина Пивоварова.

 Цифрландыруға кететін шығындарды медициналық қызметтер тарифтеріне қосу тақырыбын «Салауатты Астана» ЖШ директоры, «Primary Health Care» ұлттық қауымдастықтың мүшесі Лейла Ишбаева көтерді.

  ICS директоры Уатай Базарбек клиникалық процесс негізінде ақпараттандыру алгоритмі бойынша ұсыныстарды айтып, жүйе негізінде науқас және дәрігер болуы керектігін алға тартты.

 Ақпараттық жүйелер құрылымы қайта қарау, МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді сатып алуды бәсекелік ортаға беруді «Сұңқар» ЖШС директоры Қуаныш Керімқұлов ұсынды.

 Ал «Қазақстан Реыспубликасынң фармацевтикалық қызметін қолдау және дамыту қауымдастығы» ЗТБ президенті Марина Дурманов жеке дәріханалар позициясын айтып өтті.

 «Қазіргі таңда бір де бір коммерциялық дәріхана  рецептермен жұмыс істеу үшін электронды денсаулық сақтау жүйесіне қосылмаған», – деп атап өтті Марина Дурманова.

 

«Денсаулық сақтауды цифрландыру – қазіргі таңда өте маңызды әрі өзекті тақырып. Көп тақырып көтерілді, әлі де мәселелер көп, ал уақыт тығыз. Аталған жиналыста қол жеткен келісімді екере отырып,  МӘМС жүйесінде ақпараттық жүйелердің өзара әрекеттесуінің құрылымын, ақпараттық қауіпсіздікті, медициналық ақпараттық жүйелерге қойылатын минималды талаптарды бекіту, денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған есеп беру және есепке алу нысандарын қысқарту, жеке дәріханалық ұйымдарға қосылу, электрондық денсаулық сақтау, цифрландыру құнын ескере отырып, медициналық қызметтерге тарифтердің құрылымын нүктелі қарау туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты біз әр бағытты егжей-тегжейлі талқылау және олар бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жобалық топтардың кездесулерінің кестесін жібереміз», – деп қорытындылады Алена Романова.

 Естеріңізге салсақ, 2019 жылдың 1 қаңтарында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Оны іске асырудың маңызды құралы – ақпараттық жүйе болмақ. Жүйе МӘМС қатысушылары арасында ақпараттық жедел алмасуды және МӘМС қорының қаржылық ресурстарын ұтымды пайдалануды жүйелі бақылауды қамтамасыз етуі керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер