astana-view

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Сатып алулардың бірыңғай терезесі» порталын іске қосты

2019 жылғы 02 Тамыз
8825 просмотров

2019 жылдың 1 тамызынан бастап «Сатып алулардың бірыңғай терезесі» порталы іске қосылды

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жаңа сервисі сатып алулармен айналысатын барлық қатысушылар үшін сатып алулар нарығын ашықтығы және қолжетімділігін арттыратын болады. Портал Қазақстанның бес негізгі сауда алаңдарын: «Электронды қаржы орталығы» АҚ, «Бәйтерек»ҰБХ» АҚ-тың Еуразиялық электронды порталы, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Nadloc» АҚ-тың мемлекеттік сатып алуларының ақпаратын біріктіреді.

Бес алаңнан алынған ақпарат тұтынушылар үшін құрылымдалып, ыңғайлы форматта беріледі. Енді кез келген пайдаланушы бір ресурстан барлық мемлекеттік мекемелер, жер қойнауын пайдаланушылар, ұлттық компаниялар, даму институттары және ел аграрлық секторының сатып алулар бойынша жоспарларын көре алады. Бұл жекелеген тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсету нарығын алдын ала бағалауға, байқауларға дайындалуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар пайдаланушылардың ыңғайлығына қызықтыратын тауар, жұмыс жіне қызметтердің сатып алулары бойынша жаңа тендерлер жариялымдары туралы кәсіпкерлерге хабарлама беретін сервистер әзірленген.  

 Портал арқылы келешек тапсырыс берушілердің бағалап, сатып алынатын тауарлар мен қызметтерге қойылатын талаптарды зерттеу арқылы тапсырыс берушілердің сатып алынатын тауарлар және қызметтерге қатысты талаптарын зерттеуге болады. Бұл және басқа да мүмкіндіктерді eoz.kz  мекенжайы бойынша орналасқан Порталға тіркеліп, бағалауға болады.

 Порталдың маңызды фукнцияларының бірі – сатып алулармен айналысатын барлық қатысушылар өз мәселелері мен шағымдарын айтып, сатып алулар процедураларына жетілдіру бойынша ұсыныстарын білдіре алады.

 «Сатып алулар нарығын талдай келе жеткізушілердің көбі бір портал арқылы сатып алуларға сәтті қатысқан соң, сол алаңда, басқаларға еш мән бермей, қалып қояды. Біз сатып алулар, жеткізілімдердің ауқымын барлық қатысушылар үшін кеңейтіп, ынта танытқандарға сатып алуларда табыс табуға мүмкіндік беруді қалаймыз. Бүгін порталдың алғашқы релизін іске қостық, әрине оның олқылықтары бар, дегенмен, бұл ресурстың алғышқы қадамы, оны өсіріп, дамытатын боламыз. Портал, бірінші кезекте өз тұтынушыларына тиесілі, біздің міндет – оны тұтынушылардың тілек-ескертпелеріне сәйкес жетілдіріп, дамытып отыру. Сондықтан біз барлық мүдделі кәсіпкерлерді өз ұсыныстары мен ескертпелерін білдіруге шақырамыз», – деді порталды әзірлеген Нарық мониторингі және сараптамасы орталығының директоры Серікбек Елшібеков.

 Кеңес алу үшін: 87172249873, support@eoz.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер