«Атамекен» зейнетақылық қамсыздандыру және қаржы нарығы мәселелері жөніндегі заңның тұжырымдамасын қарастыруда
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру және қаржы нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы Тұжырымдамасының өзгерген нұсқасы келіп түсті
Бүгінде зейнетақылық активтерді басқарудың жұмыс істеп жатқан моделінде – салымшалар мүддесіне қарай зейнетақылық активтерді басқару бойынша бәсекелестік нарықтың қалыптаспауы, және салымшыларда басқарушы компанияны таңдау құқығының болмауына байланысты бірқатар кемшіліктері бар. Осылайша зейнетақы жинақтарына инвестициялау тиімділігін арттыру процесіне халықтың қатысуы жоқ.
Тұжырымдаманы әзірлеудің басты мақсаты – егер зейнетақылық жинақтардың сомасы «жеткіліктілік» деңгейінен асқан жағдайда салымшыға зейнетақылық жинақтың бір бөлігін зейнетақылық активтерді басқару жөніндегі компанияға аудару құқығын беру. «Жеткіліктілік» шегі ретінде «зейнетқалық аннуитет» келісімшартын жасауға қажетті зейнетақылық жинақтар мөлшері қарастырылады.
«Жеткіліктіден жоғары» зейнетақылық жинағы бар салымшылар қаржылық сауаттылықтың қажетті деңгейін білетін болса, зейнетақылық жинақтардың «жеткіліктіліктен» асып тұрған бөлігін басқарушы компанияны таңдау арқылы мақсатты қолдана алады.
Заң жобасын әзірлеушінің пікірінше, осындай шара салымшыларға анағұрлым тиімді инвестициялық стратегияны таңдау құқығын іске асыруға, зейнетақылық активтерді басқаратын қызмет көрсету нарығында институционалды бәсекелестік ортаны құруға мүмкіндік береді.
Тұжырымдама мазмұнымен танысуды ұсынамыз, егер Тұжырымдамаға қатысты ұсыныстар және/немесе ескертпелер болса, ақпаратты мына электронды поштаға жолдауды сұраймыз: b.otarbaev@atameken.kz; телефон: 8 (7172) 919342
Тұжырымдама мазмұнымен «Аатмекен» ҰКП сайтында «Бизнес және Заң» айдарынан немесе ашық НҚА сайтынан таныса аласыздар.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: