astana-view

«Open sky»: отандық авиация үшін тәуекелдері мен артықшылықтары қандай?

2019 жылғы 16 Тамыз
5735 просмотров

ҰКП алаңында «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Логистика және тасымалдау комитетінің Азаматтық авиация жөнінде қосалқы комитетінің отырысы өтті

Іс-шара «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Логистика және тасымалдау комитетінің Азаматтық авиация жөніндегі қосалқы комитеті төрағасының орынбасары Дәулет Хамзин және «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы  Туризм комитетінің төрағасы Павел Казанцевтің жетекшілігімен өтті. Іс-шараға ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, әуежайлар мен авиакомпаниялардың өкілдері қатысты.

«Бізге шекаралар мен даму дәліздерін анықтап алу үшін артықшылықтар мен кемшіліктерді талқылап, бір-бірімізге сұрақтар қоюымыз керек. Бізде ұлтттық құжаттарда да, ЕАЭО саясатында да ымыра болуы керек. Сонымен қтара Қазақстанға стратегиялық тұрғыда қайда қозғалу керектігін түсіну қажет», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Туризм комитетінің төрағасы Павел Казанцев.

 Бизнес-қоғамдастық бірнеше позицияға бөлінді. Әуежайлардың пікірінше, мемлекеттік органдар халықаралық тасымалдаушыларды шектеп, «ашық аспан» қағидатын дұрыс ұстанбайды, бұл қағидат жолаушылар ағыны мен авиабилеттер құнына оң әсер етеді. Тасымалдаушылар болса шектеуді көріп тұрған жоқ, және халықаралық компаниялардың Қазақстанға кіруге ынтасы да көрінбейді.

 «Ашық аспан» шектеусіз ұшуды білдірмейді. Бұл тараптардың жеке позициялар мен міндеттемелерімен келісімге келуі. Біз 5 жыл бұрын әуе көлігін кезең-кезеңмен либерализациялау саясатына өттік. Сонымен қатар шетелдік тасымалдаушылардың ешқайсысы біз арқылы транзитті дамытпайды, шетелдіктер өз линияларын дамытуға мүдделі. Бүгін ЕАЭО шеңберінде аталған саясат қолданылады, онда ашық бәсекелестік болады. Қазіргі таңда тараптардың құқығын бұзбау үшін стандарттарды үйлестіру жұмысы жүргізілуде», – деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев.

Өз кезегінде Алматы қаласының әуежай өкілі жүк және жолаушылар тасымалының төмендеу тенденциясын атап өтті.

 «Біз жүк тасымалдардың да, жолаушылар тасымалдарының да төмендеуін көріп отырмыз. Алматы қаласы әуежайына «ашық аспан» артықшылығын беру халықтың тығыз орналасуы, өңірде бизнестің белсенділігі себепті  анағұрлым тиімді болады. Туризм – Алматыда басымдыққа ие сала. Бұл қала елордаға қарағанда тиімді пункт. Бірақ қазір маршруттар Нұр-Сұлтан арқылы қарастырылуда. Осы ретте біз Бішкек, Ташкент, Баку әуежайларына «ашық аспан» мәртебесі берілгендіктен осындай тасымалдаушыларды жоғалтып алуымыз мүмкін», – деді «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ авиациялық маркетинг жөніндегі директоры Абдул Құсаев.

 «Сары-Арқа» әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Сәрсенбек Көшкінов қарағандылық әуежай 2011 жылдан бері «ашық аспан» мәселені көтеріп келе жатқанын айтты, алайда Нұр-Сұлтан қаласымен көрші орналасқандықтан жолаушыларды жоғалтып келеді.

«Кезінде біз жүк тасымалдарына екпін жасап, Алматыға мықты бәсекелес болдық. Жүктер бар әрі біз өз нишамызды тауып, оны дамытып жатырмыз. Біз жүк тасымалдарына арналаған «ашық аспанға» дайынбыз. 3 жыл бойы ұлттық жүк тасымалдаушыны құру туралы талқылау жүріп жатыр, алайда мәселе бәз қалпында. Бізге Ақтауда хабтарды дамытуға болады, бірақ жүктер Тбилиси, Бакуде қалып қояды, бұл отандық компаниялар таба алатын ақша болар еді, сондықтан «ашық аспан» жағдайды түзеп, нарықты жандандыратын еді», – деді Сәрсенбек Көшкінов.

Өз кезегінде Талғат Ластаев Қазақстанның авиациялық билігі бұл үдеріске ашық және тасымалдаушылардан кез келген ұсыныстарды қабылдауға дайын екенін жеткізді.  

«Бізге Қазақстанда жұмыс істеуге тиянақты негізі мен ниеті бар компанияларды әкеліңіздер деп әркез айтамыз. Бұған демпингті саясататты жүргізетін және Үкіметтен субсидия алатын компаниялар қатыспайды. Бұдан бөлек, өзіміз де келіссөздер жүргіземіз, бірақ тасымалдаушылар бір ауыздан әуежайлардың ұсыныстары тиімсіз деп айтады. Шетелдік компания 1 немесе 10 рейс жасауы маңызды емес, оған жеңілдік қарастырылмаған. Отын мен қызмет көрсету қымбат», – деді Талғат Ластаев.

 ҚР Сыртқы істер министрлігі Сыртқы экономикалық саясат департаменті директорының м.а. Денис Рогов шетелдік авиакомпаниялар Қазақстанның әуежайларында реактивті отынның қымбаттығына шағымданатынын айтты. Баға Азия елдері және Ресейдегі құннан 40% жоғары. Министрліктердің мамандарын отандық авиа тасымалдаушы да қолдады.

«Авиакомпания Air Astana»  АҚ мемлекеттік органдармен құқықтық байланыс жөніндегі менеджер Евгений Аксенов «ашық аспанды» енгізу арқылы Нұр-Сұлтан қаласында рейстерді жүзеге асырғысы келетіндердің саны артпағанын алға тартты.

 «Мәселе жабық саясатта емес, Қазақстанның тасымалдау сыйымдылығының аздығында. Жолаушылар ағынының және бәсекелестік бағада авиа отынының болмауы, әуежайларды баға белгілеуі – шетелдік және отандық компаниялардың 1,5 жыл бұрын көтерген мәселелері», – деді Евгений Аксенов.

 «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев мәселені шешу жолы ретінде әуежайлармен бірлесіп, әр мүдделі тасымалдаушы бойынша Жол карталарын әзірлеуді ұсынды.

 «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Евгений Больгерт, өз кезегінде, әуежайларға пікірлерді шоғырландырып, Қазақстан әуежайларының қауымдастығына бірігуді ұсынды.

«Әлемдік тәжірибеде авиация билігі транзиттік жолаушылар тасымалын дамыту үшін «ашық аспан» мәртебесін пайдаланады. Бұл мәртебе туристік ағынның және транзиттік әлеуеттің өсуіне әсер етеді, маршруттар желісін кеңейтуге және шетелдік әуе тасымалдаушыларын тартуға көмектеседі, әуежайлардағы инфрақұрылымның дамуына және қызмет көрсету сапасын жақсартуға әсер етеді. Бұдан басқа, авиациялық нарықтың бәсекелік ортасын ынталандырады. Сондықатн «ашық аспан» отандық авиация үшін сервисті жақсартуда сын, мында бар мәселелерді қауымдастық арқылы шоғырландыру маңызды», – деді Евгений Больгерт.

 «Астана» Халықаралық қаржы орталығы жаңа Жібек жолы экономикасы департаментінің директоры Толқын Тәкішева барлық мүдделі тараптарға бағыттау үшін Азаматтық авиация комитетінде таныстырылған және қандай да бір рейс ашу үшін нақты ұсынымдар бар Жол картаны әзірлеу туралы айтты.

 Дәулет Хамзин Әуежайлардың қауымдастығын құру туралы ұсынысты қолдады, сонымен қатар Қазақстанға виза алу кезіндегі қиындықтар мен өңірлік әуежайлардың дамуына көңіл бөлінбейтіндігін атап өтті. Өңірлік әуежайлар үкіметаралық келісімдерде визалық саясат бойынша да құқықтары шектелген. Мәселен, 72-сағаттық визасыз режимі Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайларына ғана берілген.

 «Қазақстан әуежайлары қауымдастығын құру өзекті мәселе, бірігудің уақыты келді деп ойлаймын. Әуежайлар қауымдастығын құру және құрылымы бойынша талдау жасап, ұсыныстар енгізуді, сондай-ақ тежеуші факторларды есепке ала отырып, Қазақстанға рейстерді жүзеге асырғысы келетін авиакомпаниялар бойынша жол карталардың әзірлеу жөнінде жұмыс тобын құруды ұсынамын», – деп қорытындылады Дәулет Хамзин.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер