astana-view

Солтүстік Қазақстанда тез бұзылатын өнімдерді тасымалдауға арналған вагондар өндірісі іске қосылды

2019 жылғы 16 Тамыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
7461 просмотров

 «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ нарықтық жағдайда тұрақты даму жолдарын белсенді іздеуде

Осы бағытта  «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ және «CОLL INFINITY» ЖШС (Салқын шексіздік машина жасау корпорациясы) ынтымақтастық орнатты, соның нәтижесінде тез бұзылатын азық-түлік өнімдерін тасымалдауға арналған изометриялық вагондарды шығару бойынша жоба іске қосылды, аталған вагондардың нарықта сұранысы жоғары.  

16 тамызда «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» акционерлік қоғамына «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Евгений Больгерт барды.

 «Кәсіпорында  «COОL INFINITY»  ЖШС көрсеткен конструкторлық құжаттама бойынша өндірістің толық циклы жолға қойылған. Инжинирингтік орталықтың өз күшімен стапельді стендтік жабдық жобаланды. Вагондарды технологиялық дайындаудың әр кезеңі немен байланысты екенін түсінеміз. Әлеуетті серіктестерімізбен сатылымдардың көлемі туралы келіссөздерге дайынбыз. Аталған жоба кәсіпорындардың өндірісін қосымша жүктеуге мүмкіндік беретіні маңызды», – деп хабарлады «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ Бас директоры Вадим Шақшақбаев.

Кәсіпорын өкілдері және «CОLL INFINITY» ЖШС Бас директоры Валентин Каргин бірлесіп, «Атамекен» ҚР ҰКП басшылығының өкіліне вагондар өндірісіне қажетті құжаттарды дайындаудағы жеделдік жайында, изометриялық вагондарды сәтті сертификаттау туралы ақпарат берді.

«Серіктесті іздеу кезінде көптеген кәсіпорндар қаралды. Таңдау «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» акционерлік қоғамына түсті, өйткені кәсіпорыннан бізге қажетті әлеуетті байқадық.  Біріншіден, зауытта жоғары білікті дәнекерлеуші-мамандар және слесарь-жинаушылар жұмыс істейді. Екіншіден, конструкторлық-технологиялық бөлімнің әлеуеті жақсы. Осының бәрі бізге ақпан айынан бастап қысқа мерзімде вагондарды өндіру, жинау тізбектерін жолға қою, сәйкес келу сретификатын алуға мүмкіндік берді», – деді  «CОLL INFINITY» ЖШС бас директоры Валентин Каргин.

Кездесу барысында Евгений Больгерт изометриялық вагондарды салудың барлық кезеңдерімен танысты. Ол жоба іске асырылған  мерзімнің тығыздығын атап өтті, бұл инвестор және кәсіпорын арасындағы жұмыстың тиімділігін көрсетеді.

«Қазақстандық нарықта да, сыртқы нарықтарда сұранысқа ие, жаңа үлгідегі вагондарды салу бойынша жоба іске асырылды. Бұл вагондар Қазақстанның транзитті және экспортты әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Біз «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ өнімін Ресей Федерациясы нарықтарында ілгерілету бойынша жекелеген қадамдарды белгілеп қойдық. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы нарықта сұранысқа ие өнім шығаратын, импортты алмастыру бойынша мәселелерді шешіп, экспортқа бағдарланған тауар ұсына алатын кәсіпорындарға кешенді қолдау көрсету үшін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне өтінім жасамақ», – деді Евгениі Больгерт.

 Вадим Шақшақбаев және Валентин Каргин жобаны ілгерілетуге қызығушылық танытқаны үшін «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына алғыс білдірді. «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ және оның инвесторы – «CОLL INFINITY» ЖШС әлеуетті серіктестермен диалог құруға  дайын және изометриялық вагондар өндірісі көлемін арттыруды көздеп отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер