astana-view

Нұр-Сұлтанда «Кәсіпкерлік негіздері» пәні шеңберінде мұғалімдерді оқыту басталды

2019 жылғы 19 Тамыз
- Астана қаласы
7828 просмотров

Арнайы қысқа мерзімді курстарды 111 педагог, мектеп, колледждер және жоғары оқу орындарының оқытушылары өтеді. Олар «Кәсіпкерлік негіздері» пәнін оқытады

Педагогтарды оқыту 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектептер (10-11-сынып оқушыларына) және колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне «Кәсіпкерлік негіздері» жаңа элективті пәнінің енгізілуі шеңберінде жүргізілуде. Пилоттық жоба «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бастамасымен іске асырылып, ҚР Білім және ғылым министрлігімен қолдау тапты.

«Мұғалімдерді білікті бизнес-тренерлер, коучтер және менторлар оқытады. Сонымен қатар atameken.co онлайн-платформасында оқушылар мен оқытушылар  қосымша білім ала алады. Бағдарлама теориялық білім, ойын түріндегі практикалық жаттығулар, бизнес-кейстер және бизнес-ойындарынан тұрады. Оқытушыларға семинарлар ұйымдастырылады. Бизнес-тренерлер оқытушыларға кәсіпкерлік негіздері курсы туралы толық ақпараттандырады», – деді Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов.

 Курс оқу бағдарламасына сәйкес әзірленген оқу материалдар негізінде жеке бизнес ашуға қажетті дағдылар мен әдістерден тұрады.

Жоба мақсаты – өскелең ұрпақ бойына бизнес-ойлауды қалыптастыру, сонымен қатар жаппай кәсіпкерлік идеясын насихаттау.  

Оқыту 19-29 тамыз аралығы және 2-13 қыркүйек аралығында екі кезеңде өтеді.  

 Бұл пән «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асып жатқан «Бастау» жобасының практикалық тәжірибесіне негізделген. Жаңа пән бизнес-ойлауды қалыптастыру, экономикалық терминологияны үйренуге баулиды. Пән шеңберінде мектеп оқушылары мен студенттер заманауи стартап-мәдениет, компанияның ұйымдастырушылық құрылымы, қаржы есебі, баға белгілеу, бәсекелестік түрлері SWOT-талдау, маркетингтік коммуникацияларды және басқа да дағдыларды үйренеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер