astana-view

Алматы қаласының Қонаев және Байтұрсынұлы көшелері бойында көлік тұрағына рұқсат берілді

2019 жылғы 20 Тамыз
6255 просмотров

 Сауалнамаға қатысқан кәсіпкерлердің жартысына жуығы Алматыдағы велосипед жолдарының салдарынан шығынға ұшыраған

Естеріңізге салсақ, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және қала бизнесмендерімен өткен кездесуі барысында кәсіпкерлер Байтұрсынұлы және Қонаев көшелеріндегі тұрақ мәселесін көтерді. Осы көшелер бойында орналасқан велосипед жолдары салдарынан автокөліктерді тұраққа қоюға тыйым салынған.

Жақын күндері Бақытжан Сағынтаев бизнесмендер және Алматы Қоғамдық кеңесінің Байтұрсынұлы және Қонаев көшесі бойында автомобиль тұрақтарын орналастыру үшін велосипедтер жолдарын алып тастау туралы ұсынысын қолдады.

Әкім шешімін брифинг барысында оның орынбасары Сапарбек Тұяқбаев хабарлады.

 «Талдау жүргізілді, соның нәтижесінде бірнеше ғимарат жабылып, жалға алушылар қысқарғаны, «Восход» сауда үйінен кәсіпкерлердің тең жартысы кетіп қалғаны анықталды. Бірқатар кәсіпорында табыс 2-5 есе азайған. Бюджетке кіріс төмендеп, жұмыс орындары қысқарды. Талдау нәтижесі бойынша көшелер бойында велоспиед жолдарын бір жағында қалдырып, екінші жағынан тұрақтар жасау туралы шешім қабылданды», – деді Сапарбек Тұяқбаев.

Бизнесмендерден осы мәселеге қатысты  алғашқы шағымдар Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасына 2017 жылдан бері түсе бастаған.

Кәсіпкерлер палатасы «Алматы қаласында бизнес-ортаға әсер ететін фактор ретінде автомобиль көлігі қозғалысын ұйымдастыру» бойынша егжей-тегжейлі зерттеу жүргізілді. 

 Қонаев көшесі және Байтұрсынұлы көшесінің бүкіл бойына екі жақтан велосипед жолдары салынғандықтан Алматы қаласында тегін 24 тұрақ аймағы алынып тасталды.

 Талдау нәтижесі бойынша сауда орындарындағы күнделікті сатып алушылық белсенділік саны азайып, орта чек үштен бір бөлікке қысқарғаны анықталды.

 Палата велосипедтердің жүру хронометражын жүргізіп, Байтұрсынұлы, Шевченко және Қонаев көшелеріндегі велосипед жолдарымен әр көшенің  велосипед ағыны сағатына 32 велосипедттен аспайтыны анықталған. Әлемдік практикада велоспиед жолдары велосипедтің  қолданылуы көліктердің барлық түрлерінен 10%-дан 50%-ға асатын қалаларда салынатынын атап өткен жөн. Өз кезегінде Алматыда аталған сан небәрі 1%-ды құрайды немесе қаладағы 1,8 миллион тұрғынның 18 мыңы ғана велосипед тебеді.

Байтұрсынұлы көшесімен 255 объекті орналасқан, олардың ішінен бүгінде 2 объекті жабылып қалды. Қонаев көшесі бойынша 392 объект орналасқан, соның ішінде 11-і жабылып қалды.

  «Жүргізілген талдау  көшелер бойындағы тегін тұрақтарға тыйым салынуы салдарынан кәсіпкерлердің 49,6%-ы шығын көргені анықталды. Мәселен, Никольский базарының 300 субъектісі – дәріханалар, сауда нүктелері, сән салондары, ательелер орта есеппен күнделікті табыстың шамамен 30%-ын жоғалтқан. Шевченко және Қонаев көшелері қиылысында орналасқан «Восход» сауда үйінде клиенттер келу саны 40%-ға қысқарған, 99 бутиктің 50-ы жабылып қалған. Қонаев көшесінде «TOIMART» сауда үйінде кіріс үш есе төмендеген, Байтұрсынұлы көшесіндегі «Bohemia crystal trading» сауда үйіне клиенттердің келуі 50%-ға қысқарған», – деді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов.

 Аталған көшелерде велосипед жолдары екі жағынан орналасқандығын атап өту жөн, сондықтан клиенттерге көлік қоюға көшелердің екі жағынан да мүмкін емес еді. Ал рұқсат етілмеген жерге көлікті қою ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексіне сәйкес 10 АЕК-ті құрайды. Ал жол жүру тәртібін қайталап бұзу үшін айыппұл мөлшері 15 АЕК мөлшерінде қарастырылған.

 Фотосуреттер Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі қорынан алынды


Еншілес ұйымдар

Серіктестер