astana-view

Қостанайда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған тренажерлар жасалады

2019 жылғы 21 Тамыз
- Қостанай облысы
6855 просмотров

Өңірде бұл кәсіпорын әзірге мұндай бейіндегі жалғыз кәсіпорын

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналаған қостанайлық тренажерлар бағасы бойынша импорттық өнімнен гөрі қолжетімдірек. Тіктегіш, қоссырық, велотренажерлар және басқа да жабдықтарды кішкентай пациенттер мен оңалту орталықтары сынап, бағалап көрді.

«Неге осы кәсіпті қолға алдым? Өз балам целебралды сал ауруына шалдыққан, баламды сәби кезінен шынықтырамын. Бізде қолданатын барлық тренажерларды Қытай және Ресейде өндіреді. Олар өте қымбат. Сондықтан мен түрлі құрылғыларды өзім жасай бастадым. Қолымнан келе бастағанда, өндірісті кеңейттім», – деді Мейрамбек Үркімбаев.

 Бастауыш кәсіпкер мүмкіндігі шектеулі баласы бар ата-ананың қаражаты аз болатынын өз тәжірибесі негізінде біледі. Сондықтан оның тренажерлары қытай және ресейлік баламаларға қарағанда арзан тұрады. Мейрамбек Үркімбаевқа бизнес-жоспарды құруға Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының менеджерлері көмектесті.

 Қостанайлық шебердің жобасын грант комиссиясы өміршең деп танып, оған 2 866 000 теңге қаражат бөлді.

Кәсіпорын әлі жас, енді ғана аяққа тұрып келеді. Алайда Мейрамбек Үркімбаев көңілі толған клиенттерден жылы лебіздер алуда. Кәсіптен алған оң әсер ары қарай ұмтылуға күш береді. Болашақта кәсіпкер кәсіпорынды кеңейтіп, қосымша жұмыс орындарын құруды жоспарлап отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер