astana-view

2019 жылғы 29 Тамыз
7583 просмотров

Жеңіл өнеркәсібіндегі мәселелер туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр «ALTYN OIMAQ» жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындарының алғашқы көрме-форумында айтты

Роман Склярдың айтуынша, жеңіл өнеркәсібінің өнімі азық-түлік өнімдерінен кейінгі маңызды тауарлар, бүгінде осы салада 13 мыңға жуық адам еңбектенеді.

«Екінші бесжылдық кезені ішінде жеңіл өнеркәсібінің жалпы сомасы 18,5 млрд теңгеге 12 инвестициялық жобасы жүзеге асты. Шамамен 1,5 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Жаңа тауарлар: кілемдер, жүн, синтетикалық және жүн бұйымдары, нәски-шұлық өнімдері шықты. Серпін байқалуда. Шикізатты тауарлар нарығына қатысты соңғы макроэкономикалық жағдайлар экономиканың әртараптандыру қажеттілігін көрсетті», – деді Роман Скляр.

Министрдің айтуынша, бұл меже шикізат салаларын қайта қарап, ұйымдастыру, өндірісті модернизациялау, соның ішінде заманауи технологиялар трансферті мен заңнаманы жаңартудан кейін мүмкін болмақ.

 Саланы қолдау мақсатында 2019 жылдан бастап «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде отандық кәсіпорындарды жеңілдікпен несиелеу жүзеге асырылуда. Үкімет жеңіл өнеркәсібін 2021 жылға дейін дамытудың жол картасын бекітті.

 «Бағдарлама бірқатар жүйелі кедергілерді шешеді, сонымен қатар ол қосылған құнның толыққанды тізбегін құру және өндіріс көлемін өсіруге бағытталған. Аталған Жол картаны қауымдастықтар және бизнеспен тығыз қарым-қатынаста әзірледік әрі оның сәтті жүзеге асырылуына сенеміз. Бүгінде өнеркәсіп нарығындағы төмен бәсекелестіктің себептерінің бірі – олардың қосылған құнның төмен нүктесінде шоғырланғанында. Сондықтан қарапайым тігіннен бірегей, сыртқы нарықтарда сұранысқа ие өнім шығарылатын Қазақстанда fashion-индустриясын дамытуға ауысу керек», – деді министр.

Өз кезегінде «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эдуард Квятковский 2018 жылы текстиль өнімдерін өндіру бойынша жалпы қосылған құн 4,7%-ға өскенін айтты, алайда жеңіл өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібі жалпы қосылған құнындағы үлесі әзірге үлкен емес – 0,8%.

 «Бүгінде қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 2,9 млрд теңгеге жеңіл өнеркәсібінің 18 жобасы қаржыланды. Аталған қаржыландыру есебінен 187 жұмыс орнын ашу көзделген, салықтық түсімдердің болжамды көлемі 261 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар отандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жеңіл өнеркәсіп өнімдерін мемлекеттік сатып алуды алдын ала біліктілік іріктеуін жүргізу кезінде индустриялық сертификаттың болуы туралы талап енгізілді. «Самұрық –Қазына» қорымен аяқ киім өніміне категориялық сатып алудың «пилоттық жобасын» әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілді. Пилот шеңберінде сатып алулар отандық тауар өндірушілер арасында ғана жүргізіліп жатыр», – деді Эдуард Квятковский.

Осы ретте қазақстандық кәсіпорындар мемлекеттік сатып алуларға тәуелді. Алайда, Басқарма Төрағасы орынбасарының айтуынша, ел аумағында тұтынушылық нарығындағы сійкес нишалар қамтылмаса, сала тиісті дамуға қол жеткізе алмайды, сонымен қатар отандық өнімнің сыртық нарықтарға шығуы қамтамасыз етілмейді.

 «Қазіргі таңда 2025 жылға дейін индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын әзірлеу жүргізілуде. Онда басымдық экспорт дамуына бағытталған, экспорт – келесі бесжылдықтың қозғаушы күшіне айналады. Отандық брендтерді әзірлеу мен өндіру халықаралық заманауи сән тенденцияларына жауап беретін дизайнмен, танымал шетелдік модельерлер және отандық мамандардың қолдауымен сүйемелденуі керек», – деп атап өтті спикер.

 Азия даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің директоры Джованни Капаннелли жыл басынан елдегі жеңіл өнеркәсібі деңгейінің өскеніне назар аударды.

 «Сала дамуынада серпінді байқап отырмыз. Аралық деректерге сүйенсек, сала 17%-ға жеткен. Біздің банк отандық кәсіпкерді қолдау бағытында министрлік және «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасымен тығыз ынтымақтасуда, сондықтан қазақстандық жеңіл өнеркәсібі өндірушілеріне деген қызығушылық артып келе жатыр. Қазақстанда дамуға арналған көптеген құралдар пайда болды, Шымкентте арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді. Біз банк ретінде шағын және орта бизнеспен ынтымақтастық орнатамыз. Біз  қор және екінші деңгейлі банктермен жұмыс істей отырып, ыңғайлы несие өнімдерін ұсынудамыз. Шамамен 500 млн АҚШ доллары Қазақстанның 3 мың бизнесменіне берілді. Соның жартысы жеңіл өнеркәсібіне қатысы бар деп сеніммен айтамын. Жұмысқа микроқаржы ұйымдары тартылған», – деді Джованни Капаннелли.

Спикер Қазақстанға салаға назар аударуы, жеңіл өнеркәсібіндегі қызметкерлердің дағдыларын үнемі жетілдіріп отыру, экономикалық аймақтарды белсенді ету, брендинг дамыту қажеттігін атап өтті.

Естеріңізге салсақ, 29-30 тамызда елордалық «Көрме» ортлығында  «ALTYN OIMAQ» Қазақстан жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындарының алғашқы көрме-форумы өтіп жатыр. Онда 85 отандық компания (киім, аяқ киім, текстиль, әшекейлер, қолөнер шеберлерінің әзірлемелері) ұсынылған. Кеңейтілген бағдарлама және халықаралық сарапшылардың дәрістері қарастырылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер