astana-view

Тимур Құлыбаев: Қытай тауарларының көлеңкелі импорты адал бизнеске қатер төндіреді

2019 жылғы 03 Қыркүйек
6642 просмотров

Алматы қаласы кәсіпкерлерінің жыл сайынғы V конференциясы барысында «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев кедендік бақылау бойынша шараларды күшейтуді ұсынды

Бүгінде Қытайдан келетін «сұр» импорттың үлесі 60%-ға жетіп, 2,5 млрд АҚШ долларын құрап отыр. Тимур Құлыбаев атап өткендей, адал кәсіпкерлікке қауіп төндіретін көлеңкелі аймақ қалыптасқан. Сауда қаладағы жалпы өңірлік өнімнің үштен бір бөлігін қалыптастырып, еңбек нарығының 14%-ын жұмыспен қамтып отыр. Оңтүстік астанаға елдегі көтерме тауар айналымның 45%-ы, бөлшек сауданың 32%-ы тиесілі.

 «Көлеңкелі импорт және қытай тауарларының кері экспорты – Қытай Халық Республикасымен шектесетін барлық елдер үшін ортақ қауіп төндіруде. Алматыда Қытайдан келетін импорттың көлемі сырттан тасымалданатын тауарлардың 90%-ын немесе 4 млрд-тан астам АҚШ долларын құрайды. Осы ретте көлеңкелі айналымның көлемі, бағалау бойынша 60%-ды құрайды. Қытай бойынша айналы кедендік сатистикадағы айырмашылық 7 млрд АҚШ долларын құрайды. Мемлекеттік бюджеттің шығындары жылына шамамен 300 млрд теңгеге тең», – деді Тимур Құлыбаев.

 Спикердің айтуынша, Қазақстан және Қырғызстанға келетін импорттық тауар ағындардың басым бөлігі базарлар мен жабық сауда орындарында шоғырланған.

 Сонымен қатар ҰКП Төралқа Төрағасы сауда субъектілерінің патенттен оңайлатылған декларацияға ауысуында ынталандыру шараларын қолдану арқылы сауда және қызметті дамыту, өнімді өткізу, сауда желілері сөрелеріне қолжетімділікте көмек көрсету, сондай-ақ шағын және орта бизнеске микронесиелеуді қолжетімді ету және кеңейту мәселелеріне баса назар аударды.

 «Кеше Мемлекет басшысы қосымша 5-пайыздық зейнетақылық төлемдерді үш жылға шегеруді тапсырды, сондықтан Үкіметпен бірге бізде кәсіпкерлерге қатысты  жалпы салықтық жүктемені қайта қарау үшін уақыт бар. Басты мәселе – егер патенттен ауысып жатыр, және салық төлеу керек, онда осы салықтарды жеңілдетуге бола ма? Әлеуметтік төлемдердің анағұрлым түсінікті етуге бола ма? Қазіргі кезде кәсіпкер зейтенақылық, әлеуметтік салықтарды, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды төлейді, көп қағазды толтыруға тура келеді. Біз Салық кодексінің тікелей қолданысын, салықтар кәсіпкерлер үшін түсінікті әрі ыңғайлы болуын талап етеміз, және осы позицияны ұстанамыз»,– деп атап өтті Тимур Құлыбаев.

 Іс-шара соңында «Атамекен» және қала әкімдігі бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстарын тиімді қарау мақсатында Бақытжан Сағынтаевтың жетекшілігімен бірыңғай Жобалық топ құруды бастамашылық етті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер