astana-view

Тимур Құлыбаев: «Халықтың тұрақты табыста болуы – мақсатымыз»

2019 жылғы 04 Қыркүйек
8638 просмотров

Мамандарды дайындау, сондай-ақ  өңірдегі кәсіпкерлік дамуы мәселесін «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің кеңейтілген отырысы шеңберінде көтерді

«Мамандарды дайындау мәселесі облыс үшін өзекті. Скрининг нәтижелері бойынша кәсіпкерліктің 5,5 мың субъектісіне жүргізілген сауалнама нәтижесінде 8,5 мың бос жұмыс орны анықталған. Ресми статистикаға сәйкес, бос жұмыс орындары саны 4 есе аз. Областағы жоғары оқу орындары және кәсіптік-техникалық білім беру 2018 жылы 6000 маман шығарды. Бірақ, маман дайындауда теңгерімсіздік бар», – деді Тимур Құлыбаев.

 Атырауда бүгінде 3 жоғары оқу орны және 25 орта-техникалық оқу орны бар, мамандарды дайындауға бөлінетін жалпы бюджет 3 млрд теңгені құрайды.

Скрининг нәтижесі түлектер еңбек нарығында сұраныста емес екенін көрсетті. Осы ретте талдау қандай нишалар бос, сәйкесінше қайда күш жұмсау қажеттігін анықтады. Мәселен, білім беру саласында небәрі 605 мұғалім керек, ал 1 164 маман дайындалуда. Қазіргі таңда мұғалімдердің 48%-ы 2019 жылы жұмыссыздар қатарын толықтыратыны түсінікті.

«Талдау нәтижесі жұмыс берушілердің нақты мамандықтарға нақты қажеттілігін көрсетті. Скрининг деректеріне сүйенсек, онда еңбекпен қамтылу пайызы және сұранысқа ие мамандарды дайындау сапасы да арта түседі», – деп атап өтті Тимур Құлыбаев.

Скрининг бизнеске арналған 600-ден астам бірегей нишаны анықтады. Соның ішінде жалпы сомасы 397,6 млн теңгеге 145 жоба қаржыландырылды, 169 жұмыс орнын ашу көзделген.  

Бір сөзбен айтқанда, кадр теңгерімсіздігі жоғары оқу орындары рейтингі шеңберінде шешіледі. Аталған рейтинг түлектердің жұмыспен қамтылу үлесін, сонымен қатар жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары өзектілігін анық көрсетіп, мемлекеттік тапсырысты бөлуге әсер етуі тиіс. Тура осындай жұмыс кәсіптік-техникалық білім беру саласында қажет.

 Жұмыс берушілер арасында қысқа мерзімді  оқыту жүйесі кең қолданыс тапты. Сауалнамаға сәйкес жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың 53%-ы жұмысты қысқа мерзімді оқу арқылы алады, қалғандары «Бастау» және «Жас кәсіпкер» жобаларына қатыса алады. Бұл негізінен бизнеспен айналысуға, жеке бизнес-жоспарды әзірлеу және кәсіпті дамытуға несие алуға ниеті мен іскерлік дағдылары бар адамдар. Мақсатымыз – адамдарды тұрақты табыстың «траекториясына» шығару.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер