astana-view

СҚО Кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері жаңа медициналық орталықтың ашылуына атсалысты

2019 жылғы 09 Қыркүйек
- Солтүстік Қазақстан облысы
9427 просмотров

Облыста жаң медициналық орталық іске қосылды, онда аяғы ауыр әйелдер, аналар мен балалар сапалы қызмет ала алады. ЖШС ашуға өңірлік кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері көмектесті.

УЗД маманы Вера Алладинская Петропавлда көпшілік  таниды. Жоғары білікті маман әр жылдар мемлекеттік және жеке медициналық мекемелерде жұмыс істеген. Жеке УЗД кабинетін ашу идеясы бұрыннан болған, сол ие жуырда орындалды.

 "Қаламызда сапалы УЗД қызметінен басқа медициналық қызметтерде неге көрсетпеске деп ойландым. Бізде балалар неврологы, нейрохирургы, неонтолог және нефрологқа сұраныс үлкен. Енді осы мамандардың кеңесін біздің орталықтан аулға болады», – деді Вера Аладинская.

Замануи медициналық орталықты ашуға Өңірлік кәсіпкерлер палатасының менеджерлері көмектескен. Аслан Ақпанбетов бизнес ханымның жобасын идея кезеңінен орталықты ашу кезеңіне дейін сүйемелдеді. Бірінші кезекте бизнес-жоспар жасалды, содан кейін несиеге өтінім берілді. Ары қарай несие жабу шарттары таңдалды.

 «Клиентіміздің қаржы институттарымен жұмыс істеу, бизнес құруда тәжірибесі болмады. Сондықтан бастауыш кәсіпкерге сүйемелдеу көрсеттік. Клиентіміз осыған дейін несие алып көрмеген, Мәскеуден УЗД аппаратын аулға несие рәсімдеуде қиындықтар болды. Біз қаражатты уақытында алып, жабдықты алуға көмектестік. Бірінші кезеңде кәсіпкер УЗД кабинетін ашты. Екінші кезең – толыққанды медициналық орталық ашу», – деді СҚО кәсіпкерлер палатасының кеңесшісі Аслан Ақпанбетов.

 Сонымен қатар Палата заңгері Гүлнар Құсайынова  мәмілелер және ЖШС мәртебесі бойынша құжаттарды әзірледі. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы тарапынан қолдау осымен аяқталмайды. Кеңесшілер кәсіпкерге алынған жабдық бойынша есеп өткізуде де сүйемелдеу көрсетеді. Ары қарай Вера Аладинскаяға валюта курсын индексациялауда көмек қажет болады, дейді Палата қызметкерлері. Сонымен қатар бизнес ханымға басқа да қолдау көрсету түрлері ұсынылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер