astana-view

«Атамекен» және Сауда министрлігі отандық тауарларды ілгерілетуді қолға алды

2019 жылғы 09 Қыркүйек
6521 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай  Мырзахметов және ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов бірлескен алқа отырысы барысында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

 Тараптар ішкі және сыртқы сауданы дамыту, отандық тауар өндірушілер өнімін ілгерілету және шикізатты емес экспорттың өткізу нарықтарын кеңейту, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО), Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) және үшінші мемлекеттермен саудада өзара әрекеттесуді ұлғайтуды қолға алмақ.

«Аталған құжат ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың және отандық бизнес мүдесіне қарай сауданы дамыту жөнінде тиімді өзара жұмыстың негізі болатынына сенімдіміз», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов.

 Меморандум статистикалық деректер, ДСҰ және ЕАЭО мүшелерімен бұзушылықтар фактілері, ҚР-ға қатысты міндеттемелер, отандық кәсіпкерлердің сыртқы нарықтағы кедергілері мен шектеулері туралы ақпаратты қоса алғанда, сауда қызметін дамыту мәселелері жөнінде ақпаратты алмасуды қарастырады. Сондай-ақ реттеу саласы және сауда қызметін дамыту саласында тәжірибе алмасу, мемлекеттік реттеу шараларын қолдану бойынша ұсыныстарды мақұлдау көзделген.

 Бұдан бөлек, меморандум шеңберінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларға бағаның өзгеруіне әсер ететін факторлар бойынша жедел ақпарат алмасу қарастырылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер