astana-view

Қарағанды облысында бизнес скринингі басталды

2019 жылғы 11 Қыркүйек
- Қарағанды облысы
11343 просмотров

Қарағанды облысында жұмыс істеп жатқан 87,7 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бар. Кәсіпкерлер палатасы бүкіл Қарағанды облысы бойынша скрининг өткізеді, оның нәтижесінде бизнес дамуына келешекті нишалар анықталып, нақты мамандандырумен, нишаларды анықтап, нысандарды қамтумен өңірлік даму карталарын жасалады.

Скрининг нәтижесінде Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы мамандарының зерттеу тобы өңірде бизнес-жобаларды құруға қажетті қосымша нишаларды таба алады, сондай-ақ түйткілді мәселелерді де анықтай алады. Зерттеу сауалнама арқылы жүргізіледі.

 «Сауалнама нәтижелері негізінде өңірлік даму картасы дайындалады, онда нақты мамандануға басымдық беріледі. Өңірлік картадан жұмыс істеп жатқан бизнестің келешекті нишаларымен қатар өңір қажеттілігін, қандай жобаларды ашу қажет екенін табуға болады. Қандай жобаларды республикалық бюджет есебінен ашып, қолдау қажеттігін, ал қандай жобаларды коммерциялық банктер арқылы, тағы басқаларын өңірлік ресурстар арқылы қолдау қажеттігін көре алатын боламыз. Скрининг арқылы жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың нақты санын, жалпы еңбек әлеуетті бағалауға болады», – Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов.

 Сауалнама үй-үйді аралау немесе әр ауданда, әр қала, әр ауылда телефонмен қоңырау шалу формасында жүргізіледі. Сауалнама халық қажеттіліктерін анықтайды. Сауалнама 29 негізгі сұрақты қамтиды.

 Қорытындысында  скрининг келесі нәтижелерді береді:

-бизнеске арналған жаңа нишалар;

-бизнес объектілерінің геолокациясы;

-импортты алмастыруға арналған нақты бағыттар және т.б.

Осыған байланысты кәсіпкерлерді науқанға түсіністікпен қарап, бастамамызға қолдау көрсетіп, өңірдегі ағымдағы ситуацияны анықтау мақсатында сауалнамаға атсалысуды сұраймыз.

Скрининг сұрақтары бойынша Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасына хабарласуды сұраймыз: Ермекова көшесі, 29, тел: 8(7212) 504055

Еншілес ұйымдар

Серіктестер