astana-view

32 қостанайлық кәсіпкер Германияда тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алды

2019 жылғы 16 Қыркүйек
- Қостанай облысы
7436 просмотров

Олардың барлығы «Іскерлік байланыс» жобасына қатысты, аталған жоба «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.  Компаниялардың  иелері және топ-менеджерлері екі апта бойы үздік отандық және шетелдік бизнес-тренерлерден тәжірибе алды

 Жобаға шетелдік әріптестермен іскерлік байланыс орнатуға мүдделі кәсіпкерлер қатысты. Олар жуырда алған сертификат шетелде тегін тағылымдаға қатысуға жолдама береді.

 Кейбір қатысушылар үшін жоба өз тиімділігін берді. Олар жергілікті іскерлік байланыстар болса да, құнды.

 «Мен киім тігу және мекемелерді текстильмен жабдықтаумен айналысамын. Оқу процесінде бәріміз таныстық, мықты, жақсы команда болдық. Ары қарай да байланысты жалғастыруды көздеп отырмыз. Жүз пайызға оқу үдерісіне берілген бизнес-тренерлерге алғыс айтамын», – деді кәсіпкер Жанат Нұрпейісова.

 Енді кәсіпкерлер онлайн-оқуға қатысады, кейін – жобаның екінші кезеңі басталады.

 «Екінші кезең төрт апталық тақырыптық бизнес-тағылымдама, кәсіпкер бейінді сала бойынша кәсіпорындарға барып технологиялармен танысады. Қатысушыларды іріктеу Қазақстан-Германия комиссиясымен жүзеге асырылады. Барлық шығындар, трансферт, шетелде орналасу шығындарын мемлекет өзі төлейді», – дейді ұйымдастырушылар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер