astana-view

Жастар киімінің жаңа топтамасын талдықорғандық модельер мен Түрік дизайнері әзірледі

2019 жылғы 20 Қыркүйек
- Жетісу облысы
4938 просмотров

Белгілі талдықорғандық модельер Атлас Молдахметова және Қазақстанға Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының «Аға сеньорлар» бағдарламасы бойынша келген түркиялық Сердар Егемен, киім топтамасын әзірледі. Коллекцияның ерекшелігі Қазақ ұлттық элементтерін пайдалану болып табылады. Үлгілер трикотаж велюрден жасалған. оларды құру идеясы А. Молдахметоваға тиесілі, ал эскиздерді С. Егемен жасаған.

А. Молдахметованың айтуы бойынша, «Раушан-Гүл» ательесі бұған дейін 50 жастан асқан адамдарға арналған ұлттық киімдер тігуге маманданған болатын. Қазіргі таңда бұл жаға коллекция кәсіпорынның нарықта жаңа орын алуға мүмкіндік береді.

Жаңа коллекцияны жасауға дәл 10 күн кетті. Дәл осындай мерзімге Талдықорғанға Сердар Егемен келді. Жобаға қатысуға «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен тікелей жұмыс істейтін компаниялардың бірі шақырылды. Түрік дизайнерінің айтуынша, оған жоба тұжырымдамасы өте ұнады және ол оны әлемдік деңгейде тарату керек деп санайды.

Талдықорған қаласында болған кезінде Сердар Егемен «Раушан-Гүл» ательесінің жұмысын жан-жақты зерттеп қана қоймай, оны дамыту жөнінде құнды ұсыныстар берді, сонымен қатар Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларымен кездесіп, олар үшін шеберлік сабағын өткізді, сондай-ақ Алматы облысының мәдени маусымының ашылуына қатысты.

Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы Сердар Егеменнің қазақстандық бизнесті дамытудағы көмегін алғыс хатпен атап өтті.

Жаңа киім топтамасының көрсетілімі қазан айының басында, Талдықорған қаласы Күні қарсаңында өтеді.

«Аға сеньорлар»«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының құрамдас бөлігі. Ол қазақстандық кәсіпорындарға жоғары білікті шетелдік маманды шақыруға және басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды оқыту мәселелері бойынша кеңес алуға мүмкіндік береді. Консультацияларға сарапшының кәсіпорынның өзіне баруын, сондай-ақ бар проблемаларды талдау негізінде әзірленген практикалық ұсыныстар беруді қамтиды. «Аға сеньорлар» компонентінің қатысушылары қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғары және орта буын басшылары бола алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер