astana-view

Қарағандыда «Қарапайым заттар экономикасы» іске қосылды

2019 жылғы 27 Қыркүйек
9867 просмотров

«Альфарух Logistic» көлік-логистикалық орталығы және YDD Corporation феррокһқорытпа зауытына «Атамекен» ҰКП және өңірлік әкімшілігі бастшылығының қатысуымен делегация барды

«Альфарух Logistic» ЖШС «Қарапайым заттар экономикасы» басымыдыққа ие жобаларын жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы бойынша мақұлданған Қарағанды облысындағы алғашқы жоба атанып, 2 млрд теңге көлемінде несие алды. Бұл Қазақстан аумағында ең ірі көлік-логистикалық орталық, онда 300 жаңа жұмыс орны құрылды, ал оның аумағында 72 мың шаршы метрде ауыл шаруашылығы өнімін қосымша өңдеу, сақтау, тасымалдау және өткізу қарастырылған қойма орындары бар. Сонымен қатар республикалық автомобиль және теміржол жүк айналымына қызмет көрсету және тауарларды өңірлік бөлу көзделген.

Тимур Құлыбаев тұтынушыларға арналған бағаның төмендеуі және отандық ауыл шаруашылығы өнімін экспорттауға жағдай жасау – басты тиімділік екенін атап өтті.

«Мұндай орталықтар ел аумағында болуы керек. Азық-түлік өнімдерін өңдеу және ұзақ мерзімді сақтау арқылы маусымдық баға құбылуына жол бермей, бағаларды реттеуге болады. Бізде оған қажетті ресурстар: су, жер мен мамандар жеткілікті. «Атамекен» мұндай жобаларға қолдау көрсетеді, олар бақылауға алынған және өңірлік әкімдіктер осы бағытта жұмыстарын үйлестіруі керек», – деп атап өтті «Атамекен» басшысы.

Ферроқорытпаларды өндіру бойынша жаңа автоматтандырылған зауыт жұмыс барысында барған объектілердің бірі болды. Аталған өндіріс – еуропалық инвестордың 94 млн-нан астам АҚШ долларына тең шетелдік үлестік қатысуымен отандық өнеркәсіп дамуының жаңа деңгейі. Шығарылатын өнімнің негізгі түрі – жоғары төзімді ферросилиций.

Жоба инновациялық және металлургия саласында негізгі бағыт болып саналады. Зауытты іске қосқанда өндірістік қуаттылық жылына 180 000 тонна жоғары сапалы өнімді құрады, ал 2020 жылы өндірісті кеңейтудің екінші кезеңін жүзеге асыруда зауыт қуаттылығы жылына 210 мың тоннаға өседі. Жұмыс орындарының саны 350-ден 550 маманға дейін жетеді. Ферросилицийдің негізгі көлемін зауыт Ресей, Түркия, Оңтүстік Корея, АҚШ және Еуропа одағы мемлекеттеріне экспорттауды жоспарлап отыр.

«Озық кәсіпорын басшылығының жоспарында Қарағанды және елдің басқа өңірлеріндегі мамандандырылған жоғары оқу орындарының түлектерін жұмыспен қамту екенін білемін. Осылайша, зауыт алаңы елдің металлургия және ферроқорытпа өнеркәсібінде кадрлар ұстаханасына айналады, онда жас түлектеріміз әлемдік тәжірибені үйренуге мүмкіндік алады», – деді Тимур Құлыбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер