astana-view

Кәсіпорындар тарапынан жоғары қызығушылық бар – Тимур Құлыбаев кадр мәселесін шешу туралы

2019 жылғы 27 Қыркүйек
7131 просмотров

Кәсіпорындар жанындағы оқу орталықтары кадр мәселесін шеше алады. Мұндай пікірді Тимур Құлыбаев Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің кеңейтілген отырысы барысында айтты.

«Облыста мұндай 35 оқу орталығы бар. Аталған әдістеменің жақсы нәтижесі – 78%-ға жеткен жұмыспен қамтылудың көрсеткіші. Қазіргі таңда кәсіпорындар тарапынан мамандарды дайындаудың осындай форматына қызығушылық бар. Осы бағытты қолдау және дамыту негізді деп санаймын», – деді Тимур Құлыбаев.

 Айта кетсек, кадр мәселесіндегі теңгерімсіздік жоғары оқу орындарының рейтингі шеңберінде де шешілетін болады. Рейтинг түлектердің жұмыспен қамтылу деңгейін, сонымен қатар оқу орындары білім беру бағдарламаларының өзектілігін көрсетеді және мемлекеттік тапсырыста бөлуге әсер етуі керек. «Атамекен» жүргізген  ЖОО білім беру бағдарламалары рейтингінің қорытындысы бойынша 2018 жылы Қазақстанның үздік оқу орындары болып (10-нан 2-і) Қарағанды жоғары оқу орындары танылды.

 «Қарағандыда 42 мыңнан астам студент білім алуда, осы ретте елордада студент саны 53 мың адам. Мұнда жастардың өте жоғары пайызы шоғырланған, мамандарды дайындаудың жақсы жүйесі қалыптасқан және жұмыспен қамтылу да жасқы деңгейде – жалпы алғанда республика бойынша көрсеткіштер жоғары. Рейтинг негізінде гранттарды тиімді оқу орындарына бөлу есебінен жоғары оқу орындарына оңтайландыру және профилизация жүргізу қажет. Тура осындай жүмысты кәсіптік-техникалық білім беру жүйесіне де жүргізген абзал, бұл жүйеге әкімдік арқылы 6 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді. Мемлекеттік тапсырысты өңір қажеттілігіне қарай сұранысқа ие мамандықтарға бағыттау керек», – деп атап өтті Тимур Құлыбаев.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер