«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

Павлодарда Кәсіпкерлер палатасы алаңында «Бизнеске арналған үкімет» жұмыс істейді

01 Қазан 2019 - Павлодар облысы
534 просмотров

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы енді «Бизнеске арналған үкімет» бірыңғай форматымен жұмыс істейді, оның негізінде кәсіпкерлерге бір көзден барлық қызмет түрлерін көрсету принципі жатыр. Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ербол Арыновтың айтуынша, әр сейсенбі сайын Инвестор үйінде ашық есік күні өткізіледі, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында мемлекеттік органдар өкілдері кәсіпкерлерді қабылдайды.

«Енді әр кәсіпкер барлық қажетті қызметтерді бір көзден ала алады. Осыдан бірнеше ай бұрын Павлодарда «Инвестор үйі» ашылды, онда «бір терезе» қағидасымен кәсіпкерлерге қызмет көсретіледі. Бірінші қабатта операциялық за жұмыс істейді, оның көмегімен бизнес идеясы бар кез келген адам немесе жұмыс істейтін кәсіпкер мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес ала алады, бизнес-жоспарға тапсырыс беріп, оқу курстарына жазыла алады, сондай-ақ жобасына сүйемелдеу алып, бизнес жүргізуде орын алған мәселе жайында хабарлай алады», – деді Ербол Арынов.

 «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірге Инвестор үйінде «ҚазАгроҚаржы», «Аграрлық несие корпорациясы», Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік копорациясы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, екінші деңгейлі банктердің өкілдері, нотариус орналасқан.

«Осыған дейін кәсіпкерлер түрлі құжаттар жинауға көп уақыт кететіне шағымданған болатын, өйткені қажетті ұйымдар қаланың шетінде орналасқан. Тура осындай ситуация ұзын сонар кезек күтуде де бар. Енді барлық пайдалы қызметтер бір жерге шоғырланған. Бұдан бөлек бізде өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы жұмыс істейді», – деді Ербол Арынов.  

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер