astana-view

Фермерлерге етті бағыттағы мал шаруашылығында жаңа технологияларды пайдалану бойынша семинар өтті

2019 жылғы 01 Қазан
- Батыс Қазақстан облысы
7670 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП біліктілік орталығы Қалмақ ірі қара тұқымының республикалық палатасымен бірлесіп «Асыл тұқымды мал өсіру жұмысы және етті мал шаруашылығында технологияларды қолдану» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агарлық-техникалық университеті алаңында шаруалар, фермерлер және БҚО жергілікті атқарушы органдар өкілдеріне өтті.

 Облыста мұндай семинарлар 2017 жылдан бері өткізіліп келеді. Олар мал шаруашылығын жақсартуға бағытталған. Сарапшы ретінде осы жолы мал шаруашылығы саласында мықты маман Азамат Сағынбаев келді. Дәріс оқушылар – доцент Әлия Ахметқалиева және ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі Әділбек Жолдасбеков технология саласында білімдерімен бөлісіп, етті бағыттағы ірі қараның өнімділігін көбейту мәселелері, жасанды ұрықтандыру, төлдеуге дайындық және төлдеуден кейінгі көмек мәселелері туралы әңгіме өрбіді.

 Семинардың тағы бір мақсаты – жайылымдық мал шаруашылығынан біртіңдеп кету және үй малыының салмағын арттыруға арналған жаңа технологияларды қолдану.

 «Қазіргі таңда бағалық позицияда ұтылудамыз, өйткені бізде малды өсіру процесі дамыған экономикалардан гөрі айтарлықтай ұзақ. Егер экспортқа шығуды мақсат тұтсақ, онда мұндай семинарлар пайдалы болады», – деді БҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Марат Нұрғуатов.

Республикада Үкімет 2018-2027 жылдарға етті мал шаруашылығын дамытудыі ұлттық бағдарламасын қабылдады, оған сәйкес сыртқы мал шаруашылығы басым бағыт болып белгіленді.

 «Бұл 10 жылға белгіленген ұзақ мерзімді стратегия, стратегиялық бағдарлама бизнес өкілдеріне жоспарлау, құру, несие тарту және дамуға мүмкіндік береді. «Сыбаға» бағдарламасы осыған мықты іргетас салды. Біз белсенді дамып, бордақылау алаңдарын салдық, фермерлік шаруашылықтарды құрдық. 10-жылдық бағдарлама бизнеске инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Өнімділік – бір жағы, ал егер төл болмаса – мал өсіру экономикалық тұрғыда тиімді болмайды. Көп жағдайда жаңа генетиканы кіргізгенде, ол өз проблемаларымен, өнімділікке қатысты ауруларымен қоса келеді. Фертильділік төмендеп барады. Мәселен, қазіргі таңда Қазақстан бойынша фертильділік көрсеткіші 60%-дан аспайды. Осы деңгейді көтеру, емдеу және басқа да проблемаларды шешу үшін біз осы семинарға жиналдық», – деді Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ғылым жөніндегі проректоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Әлжан Шамшидин.

  Күннің екінші жартысында практикалық жаттығулар жүргізілді. Мамандар технологияларды іс жүзінде көрсетті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер