astana-view

«СТ-1» және «СТ-КZ» форматында берілген сертификаттар туралы ақпарат кең қолданыста

2019 жылғы 07 Қазан
12028 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өндірушілер, экспорттаушылар, мемлекеттік органдар және басқа да мүдделі тұлғаларға ағымдағы жылдың қазанынан бастап www.atameken.kz порталында «СТ-1» (экспорттаушыларға) және «СТ-КZ» (ішкі аналым үшін) формасында тауарлардың шығу түбі туралы берілген сертификаттар тізілімі жарияланғанын хабарлайды

Аталған тізілім күнделікті негізге жаңартылып тұрады. Осы ретте ақпаратты қолдану ыңғайлылығы үшін тіізілімді .xlsx форматына экспорттауға мүмкіндік қарастырылған. «СТ-1» форматындағы сертификаттарын беру Қазақстан Республикасынан Еркін сауда аймағын құру жөніндегі келісімге қатысушы-мемлекеттер Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Ресей, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина елдеріне тауарларды тасымалдау үшін ТМД мемлекеттеріне жүзеге асырылады.  

Ал «СТ-КZ» сертификаттары жергілікті қамту үлесін және тауардың шығу түбін растау үшін беріледі. Сертификат жеткілікті өңдеу Тауардың жеткілікті өңдеуі критериіне сәйкес келетін жеткілікті өңдеуге ұшыраған  және арнайы экономикалық аймақтар мен еркін қоймалар территориясынан қазақстан Республикасының кедендік территориясының басқа бөлігіне тасымалданатын тауарларға беріледі.

 Аталған сертификаттарды алуға өтінімдер мен құжаттар https://doculite.kz/ порталы арқылы электронды форматта қабылданады.

Сертификатқа қатыст мәселелер туындаса, ҚР ҰКП Сатып алулар және жергілікті қамту департаментіне хабарласуды сұраймыз, тел: 8-7172-919-35


Еншілес ұйымдар

Серіктестер