astana-view

«Самұрық-Қазына» қоры сатып алуларының жаңа моделі таныстырылды

2019 жылғы 07 Қазан
7550 просмотров

4 қазан күні «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында ҚР Қаржы министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Қордың сатып алу қызметін басқарудың жаңа стандартының таныстырылымы өтті

 Қор жеке сатып алулар қызметінің жаңа моделін (Стандарт) таныстырды, сатып алу қызметін басқару құрылымына енгізілмек өзгертулер, жеткізушілерді таңдау процедурасына қойылатын талаптар және басқа да өзгерістер айтылды.

Жаңа модельге сәйкес Тауар өндірушілердің тізіліміне индустриялық сертификатты алған кәсіпкерлік субъектілерін қосу жоспарланған, адал тауар өндірушілердің тізілімі атестатталған жеткізушілер базасы негізінде қалыптастырылады.

Отандық тауар өндірушілердің мүддесі есебін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Стандартты жетілдіру бойынша ұсыныстар берді.

 Өңір кәсіпкерлері бірқатар мәселелерді көтерді, соның ішінде тауарларды қабылдау және тауарлар жеткізілімдерін төлеу мерзімдері, отандық тауар өндірушілерді қолдау, алдын ала біліктілік іріктеу механизмінің тиімділігі талқыланды.

 Ұлттық кәсіпкерлер палаасы және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ арасындағы пікір алмасуды ескере отырып, аталған стандартты іске асыру үшін әзірленетін құжаттар жобаларын қоса алғанда, сатып алулардың жаңа моделін апта сайын бизнес-қауымдастықпен талқылауды жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Аталған Стандарт мәтінімен мына сілтеме  арқылы танысуға болады.

Стандартқа қатысты сұрақтар туындаса «Атамекен» ҚР ҰКП Сатып алулар және жергілікті қамту департаментіне хабараласуды сұраймыз, тел: 8-7172-270-453.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер