astana-view

«Атамекен» Ақтөбеде өндірілген тұрмыстық химия өнімдерінің ірі супермаркетте сатылуына атсалысты

2019 жылғы 09 Қазан
- Ақтөбе облысы
8290 просмотров

2 тамызда «GRANT» сауда маркасымен сатылымға шыққан отандық өнім Ақтөбе қаласы және облыс бойынша «Дина» супермаркеттер желісі және «У дома» дүкені сөрелеріне қойылды. Бұл Өңірлік кәсіпкерлер палатасы басшылығының сауда желісі  иелерімен келіссөздер жүргізуінің жемісі

Қазіргі таңда компанияның тауар тізбегі үйге арналған жуу құралдарының 10 аталымынан тұрады. Атап айтқанда, ыдыс жуу, еден жуу, сантехника, кафель, әйнек және айна, плиталар мен духовакаларды тазалау құралдары, сұйық сабын және кір жууға арналған гельдер бар. «GRANT» өнімдерін сатып алу әр қазақстандық үшін тиімді болмақ, дейді өндірушілер, өйткені компания мақсатының бірі сатып алушыға баға мен сапаның тиімді қатынасын ұсыну.

«20 қыркүйектен бастап «GRANT» сауда белгісі сатылымдарын «Дина» супермаркеттер желісінде бастады, онда шетелдік брендтермен қатар «Ақтөбеде жасалған» сауда сөрелері қойылған. Сөре оюмен өрнектеліп,  өнімнің ұлттық өнім екенін айғақтайды. Сонымен қатар тауар тізбегі сипаттамасы бойынша толық консультацияны беру үшін промоутерлер тартылған», – деді компания маркетологы Айгүл Евенова.

 Қысқа мерзім ішінде «GRANT» сауда маркасы өз аудиториясын жаулап ала бастады, өнімдердің сапасы жақсы, қою, өткір иісі жоқ, май мен кір дақтарды жақсы кетіреді, бұл сипаттамалар сатып алушылар үшін маңызды. Әр тауар позициясы құрамында белсенді заттар бар, олар денсаулыққа қауіпсіз, сондықтан «GRANT ADAL» өз тұтынушылары арасында кең таралатынына күмән жоқ.

«Компания миссиясы – қолжетімді бағада еуропалық сападағы өнім ұсыну. Өнімнің келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады: отандық өнім, Еуропа, сонымен қатар Корея мен Малайзиядан әкелінген жоғары сапалы шикізат негізінде жеке өндіріс технологиясы бар. Бастысы экологиялық тазалық  – өнімде зиянды және канцерогенді қоспалар жоқ, сонымен қатар пайдалынған құтыларды қайта өңдеу мақсатында халықтан сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Баға саясаты бойынша «GRANT» өнімдері ресейлік және еуропалық өнімдерден 10-15% арзан болады. Халыққа жоғары сапалы өнімді тиімді бағалармен ұсынамыз», – деді компанияның бас директоры Арыстанбек Жұмабаев.

Қазіргі таңда компания өнімді басқа өңірлерге тарату жолдарын қарастыруда, осылайша Қазақстанның бүкіл нарығы қамтылмақ.

«Сонымен қатар Кәсіпкерлер палатасы және  «GRANT ADAL» ЖШС арасында қабылданған екіжақты меморандумға сәйкес кәсіпорын жуық арада бірқатар мүмкіндіктер беретін Индустриялық сертификатты алмақ. Палата осындай кеңес беру және ілеспе жұмыстарды бізге жүгінетін кез-келген компанияға, әсіресе осы нарықта жұмыс істеуді енді бастап жатқан кәсіпкерлерге және серіктестер іздейтіндерге ұсынуға дайынбыз. Палата көмегіне жүгініңіздер, мында жобаға толық сүйемелдеу, соның ішінде PR-қолдау көрсетіледі», – деді ӨКП сарапшысы Нұрлан Құсаев.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер