astana-view

Адал кәсіпкерді қалай анықтауға болады?

2019 жылғы 14 Қазан
8889 просмотров

«Бұл мәселені шешу үшін біз («Атамекен» ҚР ҰКП) кәсіпкерлік субъектілерінің бірыңғай бизнес-тізілімін құру бойынша жұмысты жүргізудеміз», – деп мәлімдеді Рустам Жүрсінов Бас прокуратурамен өткен форум барысында.

Бірыңғай бизнес-тізілімді құру кезінде бүкіл әлемде танылған Dun & Bradstreet, СПАРК халықаралық әдіснамасы негізге алынған. Бірыңағй бизнес-тізілім арқылы контрагенттердің шаруашылық қызметін тексеру өте оңай процедураға айналады. Айталық, сіз ірімшікті өндіретін ірі жеткізушісіз, және сүт жеткізушісін іздегенде «Қарағанды Сүт» компаниясын таңдадыңыз.

 Біркүндік фирмамен жұмыс істеуді болдыртпау үшін серіктес компания қызметі, контрагенттер мен шарттар, рұқсат құжаттар, қаржы тәуекелдері туралы барлық қолжетімді ақпаратты зерттеу керек. Ол үшін тізілім құрылымына кіріп, қажетті компанияның карточкасын табамыз да компания нарықта бұрыннан бері жұмыс істеп жатқанын, құрамында 200 адам жұмыс істейтінін көреміз. Компания индекстері жасыл аймақта, сертификаттары мен лицензиялары барын да тексердік, демек серіктестікті орнатуға болады. Тұтынушылар Бірыңғай бизнес-тізілім арқылы тауарлар мен қызметтерді олардың өмірі мен денсаулықтарына қаншалықты қауіпсіз екенін көре алады. Ал кәсіпкер өз өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысады. Бірыңғай бизнес-тізілім мемлекеттік органдардың барлық деректер базаларымен біріктіріледі. Бизнес-тзілім мына http://businessreestr.kz/ сілтеме арқылы қолжетімді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер