astana-view

Талдықорғанда халықаралық стандарттар күні аталып өтті

2019 жылғы 15 Қазан
- Жетісу облысы
2027 просмотров

Алматы облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында Дүниежүзілік стандарттар күніне арналған дөңгелек үстел өтті.

Осы жылы стандарттар күнінің ұраны "Бейне стандарттары әлемдік аренаны құрады» болды - мұндай шешімді Дүниежүзілік ISO сапа ұйымы қабылдады. Бейне күнделікті қарым-қатынаста ғана емес, бизнес-коммуникацияларда да танымал болып келеді, бұл іскерлік өзара іс-қимылдың осы түрі үшін стандарттарды орнатуды ерекше маңызды етеді.

Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қатысушылар стандарттау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, техникалық реттеудегі жаңа тәсілдер, «Қарапайым заттар экономикасы» салаларындағы жаңа стандарттар және т. б. мәселелерді талқылады.

Дөңгелек үстел жұмысына мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлер палатасының, техникалық реттеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын компаниялардың, өндіруші кәсіпорындардың, қоғамдық бірлестіктердің және т. б. өкілдері қатысты.

Іс-шара соңында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Бақытжан Мұхтаров комитет басшылығы атынан Алматы облысының кәсіпкерлер палатасына Техникалық реттеу саласындағы жұмысқа қолдау көрсеткені үшін «Алғыс хат» табыс етті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер