astana-view

Бизнес-омбудсмен мен Батыс Қазақстан облысының әкімдігі кәсіпкерлерге бірігіп қолдау көрсететін болды

2019 жылғы 17 Қазан
- Батыс Қазақстан облысы
8178 просмотров

Жол картасы бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай тудыруды көздейді

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді, онда ол облыс әкімі Ғали Есқалиевпен, облыс прокуроры Жандос Өмірәлиевпен және өңірдегі кәсіпкерлермен кездесті.

Кездесу барысында Болат Палымбетов кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың бұрын-соңды болмаған шаралары туралы сөз қозғап, Мемлекет басшысы әрбір облыстың өңірлік ерекшелігін ескеруді, нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін дамудың басым бағыттарын анықтауды тапсырғандығын айтып өтті.

Өңірде бизнес қарқынды дамып келеді. Сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері мен жаңа нысандардың саны жыл сайын артуда, деп нақтылады Ғали Есқалиев.

Әкімдіктің мәліметі бойынша, облыста шағын және орта бизнестің жаңа нысандары тіркелуін жалғастырып жатыр. Олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді қысқарту мақсатында өңірлік кәсіпкерлер палатасымен тығыз жұмыс жүргізілуде. Облыста жұмыс істейтін 27 консультативтік-кеңесші органдардың 50%-дан астамын кәсіпкерлер құрайды.

БҚО прокуроры бизнес субъектілерін құқықтық қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып өтті. БҚО Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп іске асырылып жатқан жол картасы аясында 12 іс-шара жүзеге асырылды. Облыста құқық қорғау қызметі орталығы жұмыс істейді, онда кәсіпкерлерге тегін консультациялық көмек көрсетіледі. ЕРСОП пен ҚАМҚОР жобалары да бизнесті қорғауға бағытталған. Негізсіз тексерулерге жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

АӨК және басқа да салаларды субсидиялаудағы проблемаларға қатысты мысалдар келтірілді.

Талқылау барысында өңірлік кәсіпкерлер палатасымен және мемлекеттік органдармен бірлескен ахуалдық тәжірибе жүргізу ұсынылды, соның арқасында бизнесмендер өтуі тиіс рәсімдердегі проблемалық мәселелерді анықтауға болады.

Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінің төрағасы Қайдар Қапанов бизнесті қорғау саласындағы өзекті мәселелерді атап өтті. Ол екінші деңгейлі банктермен жұмыс істеу барысында туындайтын күрделі мәселелер жөнінде сөз қозғады.

"Бірінші - жергілікті атқарушы органдардың тиімсіздігі, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері. Айтқым келгені, 4 басым бизнес-процесс бойынша: мемлекеттік сатып алулар мен тендерлер, МЖӘ мен жергілікті инвестицияларды тарту, жер, инфрақұрылым мен мемлекеттік қаржылық көрсету шараларындағы ЖАО-ның реттеу тиімділігінің төмендігі. Екінші - жоспарлау және бюджеттеу бойынша әкімшілік процедуралардың жабық болуы, ашықтықтың жоқтығы", - деді Қайдар Қапанов.

Бизнестің бірде-бір мәселесі қараусыз қалмайды, деп сендірді бизнес-омбудсмен.

"Бүгінгі таңда барлық жүйелік проблемалар бірыңғай тізілімге келіп түсуде, қазіргі таңда 619 мәселе бар. Проблемалардың ең көп саны құрылыс, қала құрылысы және сәулет, көлік, логистика және байланыс, медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіп, техникалық және кәсіптік білім беру, сатып алулар салаларында кездеседі. 489 мәселе шешілді. 28-і - шешілу сатысында. Оларды шешу барысында Жол картасы кешенді көмек көрсетіп отыр. Оны жүзеге асырудағы ынтымақтастық туралы Меморандумға іс-шара соңында қол қойылды", - деп, түйіндеді Болат Палымбетов.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер