astana-view

402,3 млрд теңге – «Атамекен» мемлекеттік тапсырмаларды қысқартуға қатысты жоспарымен бөлісті

2019 жылғы 25 Қазан
5556 просмотров

«Атамекен» және Үкіметтің бірлесуімен процедуралар санын қысқарту, әкімшілік кедергілерді азайту, сонымен қатар бизнестің уақытша және қаржылық шығындарын төмендетуге бағытталған түзетулердің 8-ші пакетін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр

Бұл туралы Ұлттық палата Төралқасының VI Съезі барысында ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов хабарлады.

 «Соңғы бірнеше жыл ішінде Қазақстандағы іскерлік ахуалды түбегейлі өзгерту бойынша 7 ауқымды заң қабылданды. Тиімді реформалар жүзеге асырылды. Бүгінде түзетулердің 8-ші паетін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», – деп атап өтті Рустам Жүрсінов.

 Ұлттық палата, сонымен қатар Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен бірлесіп, жалпы сомасы 402,3 млрд теңгеге мемлекеттік тапсырмаларды оңтайландыру бойынша жұмысты атқарды. Негізгі жүйелі мәселелер арасында мемлекеттік тапсырмаларды қалыптастырудың әдістемесінің болмауы, сонымен қатар олардың құнын есептеу, мемлекеттік орган қызметін қайталау сынды түйткілдерді атап өтуге болады.

 «Жыл сайын түрлі зерттеулерге 23 млрд теңге сомасында қаражат жұмсалады, жекелген зерттеулердің қорытындысы мүлде қолданылмайды. Мемлекеттік тапсырмаларды тексеру нәтижесі бойынша жалпы ссомасы 37 млрд теңгені құрайтын 68 мемлекеттік тапсырманы жүзеге асыруды алып тастау ұсынылды. Осылайша жалпы сомасы 7,5 млрд теңгеге 4 мемлекеттік тапсырманы тоқтату ұсынылған. Үкімет біздің ұсыныстарымызды қолдады, аталған жұмыстың нтәижесі 2020-2022 жылдардың бюджет негізіне алынды», – деді Рустам Жүрсінов.

 «Атамекен» жұмысының тағы бір аспектісі адал кәсіпкерлерді қорғау мен қолдау болып табылады. Осы ретте кәсіпкердің адалдығын бірден тану қиын шаруа. Осы мәселені шешу мақсатында Ұлттық палата кәсіпкерлік субъектілерінің бірыңғай тізілімін әзірлеу жұмысын жүргізуде.

 «Бірыңғай бізнес тізілім барлық мемлекеттік органдардың деректер базасымен біріктірілетін болады, нәтижесінде әр кәсіпкердің толық «ақпараттық портреті» жасалады. Бірыңғай бизнес-тізілімді іске қосу 2020 жылдың екінші жартысына жоспарланған», – деді Жүрсінов.

 Сонымен қатар Ұлттық палата Жоғарғы Сотпен берлесіп, сот шешімдерін іздеу және болжау бойынша жасанды интеллект жүйесін әзірлеуде. Басты мақсат – соттарға түсетін жүктемені азайту және біркелкі сот практикасын қалыптастыруға атсалысу. Бүгіннің өзінде жүйеге 1,2 млн сот актісінің файлдары және 120 мың талап арыз енгізілген.

 «Қазіргі таңда «Сатып алулардың бірыңғай терезесі» – сатып алулар бойынша бірыңғай ІТ-платформаны әзірлеу және енгізу бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Бірыңғай платформа 5 сатып алу алаңын және 100 мыңнан астам тауар позициясын біріктірді, нарық сыйымдылығы 10 трлн теңгені құрап отыр», – деді Рустам Жүріснов.

 Сондай-ақ Рустам Жүрсінов Ұлттық палата құрылғаннан бастап алты жыл ішінде атқарылған жұмыстың қорытындысын жасады, 29 мыңнан астам нормативтік-құқықтық актіге, 60 заң жобасына сараптама жасалды, «Атамекен» ұсыныстарының 73%-ы назарға алынған.

 «Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру оң нәтиже берді. Экономика саласындағы теркелген қылмыстық істердің саны 5,3 есе қысқарды. Әкімшілік заңнама түбегейлі қайта қаралды. Бизнеске қатысты баптардың 80%-ы өзгертілді. Айыппұлдар 30%-ға төмендетілді, айыппұлдарды енді 50% жеңілдікпен төлеуге болады. 52 бапқа ескерту механизмі енгізілген», – деп қорытындылады Рустам Жүрсінов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер