astana-view

Түркістанда кәсіпкерлердің уәкілетті органдар әрекетіне шағымдары талқылады

2019 жылғы 30 Қазан
- Түркістан облысы
8939 просмотров

Түркістандық кәсіпкерлерді жерге мемлекеттік актілерін қайта тіркеуге мәжбүрлеуде

 Түркістан қаласында кәсіпкерлердің құқығын қорғау мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы Кеңестің кезекті отырысында Түркістан және Кентау қалалары шекараларының өзгеруіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік актілерін және кадастрлық нөмірлерін қайта тіркеуде кездесетін мәселелер талқыланды.

 Осыған байланысты, Түркістан қаласына тиесілі болған жалпы ауданы  721 745 га құрайтын 12 ауылдық аймақтың 364 918 га ауылшаруашылық жертелімдері Кентау қаласының шекарасына енген. Нәтижесінде, 3475 шаруалар жерге мемлекеттік акт бойынша тіркеу нөмірін 19-307 тіркелген санынан 19-304-ке қайта тіркеуге мәжбүр болуда.  

 Кәсіпкерлердің айтуынша, бұл талап оларға қосымша қаржылық жүктемелер келтіріп отыр. Жер телімін бір акт бойынша қайта тіркеу 21 мың теңгені құрайды, кәсіпкерлер тарапынан шығатын шығынның жалпы құны 70 миллион теңгеден асуда.

 Осыған байланысты болып жатқан жағдайлардың нәтижесінде 3 мыңнан аса  ауыл шаруашылығындағы саласындағы кәсіпкерлер субсидия алу бойынша кедергілерге тап болуда. Кадастырлық нөмірі Түркістан облысынан Кентау қаласына өзгертілмегендіктен «QOLDAU» бағдарламасы кәсіпкерлердің онлайн-өтініштерін қабылдамауда.

 Дегенмен, программисттер мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі мен Qoldau.kz веб-портал арасындағы интеграция жер участкелерінің кадастрлық нөмірлерін алуға автоматты түрде бағытталғанын түсіндірді. Жер телімдерінің кадастрлық нөмірлерін өзгерткеннен кейін алдыңғы жертелімдері жарамсыз саналады.

 «Нәтижесінде кәсіпкерлерді субсидиялау бағдарламасына қатысуға және оған қол жеткізуге 70 миллион теңгеден жоғары сомаға шығындануға алып келуде. Бұл кәсіпкерлердің кінәсі емес және олар төлеуге міндетті де емес»,- деген Кеңес мүшелері Кеңестің қорытындысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысындағы филиалына, сондай-ақ Түркістан облысының әкімдігіне - Кентау қаласының шекарасына кіретін 12 ауылдық елді мекеннің жерінде мемлекеттік актілерді қайта тіркеуді тегін жүргізу мүмкіндігін қарастыру туралы шешім қабылдады. Кеңестің бастамасымен, мәслихат депутаттары жергілікті бюджеттен осы мақсаттарға қаражат бөлу мәселесін қарастыруды жоспарлап отыр.

 Кеңес соңында, Түркістан облысы прокурорының бірінші орынбасары Артықбек Пашаев кеңестің көтерген сұрақтары прокурордың жіті бақылауында екенін және жақын уақытта аталмыш мәселенің шешілуіне байланысты барлық шаралар қолға алынатынын мәлімдеді.    

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер