astana-view

Бөлшек сауда желілерінде монеталар тапшы

2019 жылғы 31 Қазан
5968 просмотров

Бөлшек сауда желілерінде айырбастау монеталарының жетіспеушілігі «Атамекен» алаңында талқыланды

30 қазанда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында ҚР Ұлттық банкі, екінші деңгейлі банктер өкілдерінің қатысуымен жиын өтті. Кездесудің күн тәртібінде бөлшек сауда желілерінде айырбастау монеталардың жеткіліксіздігі көтерілді. 5 теңгеден бастап 100 теңгеге дейінгі номиналдағы монеталардың жеткіліксіздігін қаржы секторының өкілдері де растап отыр.

Бұдан бөлек, айырбастау монетасының тапшылығы Қазақстандағы бөлшек сауда дамуында айтарлықтай кедергіге айналды. «Magnum Cash&Carry», «Small», «Анвар» секілді сауда желілері және басқа да кәсіпкерлік субъектілері осы мәселенің өзектілігін айтты. Сатып алушыға алынған тауардың ақшалай қайтарым жасай алмау беделге нұқсан келтіру тәуекелдерімен қоса кассада жұмыс істейтін қызметкерлердің уақытын алады.

 «Ел ауқымында ұсақ тиынды қайтарымға берумен қиын ситуация орнаған, бұл мәселе инкассацияны қолданып, банктерден монеталарды толық алмайтын орта және бизнесте ғана емес, сонымен қатар шағын бизнесе, тіпті базардағы сатушыларда орын алған!», – деп жазды Facebook желісінде Дмитрий Шишкин 2019 жылдың мамырында (сілтеме)

 Қазақстандықтар сатушылар сауда жасалғаннан қалған ақшаның қайтарымының болмауы себепті, ақшаны телефон балансына аударуды, карточкамен сауда жасауды сұрайды, сонымен қатар дүкендерде монеталардың тапшылығын ескертетін хабарландыруларды да кездестіруге болады.  Осы мәселе сол күйі шешілмей қалды, 2019 жылдың тамыз айында «Magnum» сауда желісі «Атамекенге» осы мәселеге қатысты екінші деңгейлі банктер 200 млн теңге сомасында айырбас монеталарын қамтамасыз ете алмайтынына шағым жасады, ал монеталардың тапшылығы Қазақстандағы бөлшек сауда дамуына айтарлықтай кедергі келтіруде.

 «Атамекен» өз алаңында Ұлттық банк, екінші деңгейлі банктердің өкілдерін,  «Анвар», «Magnum», «Метро», «Меломан», «Monamie» бөлшек желілердің өкілдерін, сонмен қатар өңірдегі кәсіпкерлердің бейне байланыс режимінде басын қосты.

 Бизнесмендер монеталарды банкоматтар, ойын залдарынан іздеуге, басқа кәсіпкерлермен келісіп, ақша айырбастауға тура келетініне шағымданды.

 «Ұсақ тиынды таксопарктер, мешіттер, ойын банкоматтарынан алуға мәжбүрміз. Біз «шексіз шаңсорғыш» секілді жұмыс істей алмаймыз. Мында біз осы проблеманы айтып отырмыз, оны шешу үшін бизнесмендерден не талап етілетінін түсінгіміз келеді. Ұлттық банктің ұсынысын естігіміз келеді», – деді сауда желілерінің өкілдері.    

ҚР Ұлттық банкінің өкілдері ситуацияны өз тараптарынан түсіндірді.

«Қазіргі таңда монеталардың айналымдағы сомасы 49 436 363 980 теңгені құрайды. Соңғы жылдар ішінде шығарылым серпіні және айналымды монеталарды қолданыстан шығару монеталардың Ұлттық Банк филиалдарының кассаларына қайтып келуінің төмендеуіне қатысты тұрақты тенденция бар екенін көрсетуде. Осы ретте айналымды монеталарды шығару көлемінің төмендеуі бойынша тенденцияны байқауға болады. 2019 жылдың 9 айы ішінде айналымды монеталардың қолданысқа шығарудың жалпы көлемі 5,2 млн теңгені немесе жалпы шығарылым көлемінен 11,0%-ды құрады», – деді ҚР Ұлттық банкі Қолма қол ақша айналымы департаменті директорының м.а. Жомарт Қажымұратов.

Демек, 2009 жылдан бастап монеталар шығарылымының бірдей көлемінде осы монеталардың айналымнан қайтару саны жыл сайын төмендеп барады. Осындай төмендеудің себептері қандай?

 Ұлттық банк болжамдарының бірі: монеталар терминалдарда, ойын және басқа да банкоматтарда, ішінара халықта қалып қояды. Бұдан бөлек сауда операцияларын жасауда қолма-қолсыз есеп айырысудың артып келе жатқан рөлін де назарға алған жөн. Мәселені шешу жолы ретінде өңірлер қажеттілігін қайта қарап, қаражатты қайта бөлу де айтылды. Сондықтан мүмкін қатысушылар болатын себептерді анықтау үшін екінші деңгейлі банктердің өңірлердегі жағдайды талдау қажеттілігі туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ, Ұлттық банк орын алған ситуацияны осы жылдың аяғында 200 теңге номиналында шығарылатын монета реттейді деп санайды.

 «200 номиналды айналымды монеталарды қолданысқа шығарудың жоспарланған көлемі қолданыстағы айналымды монеталардың жалпы көлемінен 26%-ды құрайды», – деп нақтылады Жомарт Қажымұратов.

 Спикердің айтуынша, Ұлттық банк 3 млрд теңге көлемінде монеталардың қосымша эмиссиясын жоспарлағанын атап өтті. Қосымша эмиссия монеталарын бөлу жекелеген өңірлердің қажеттілігін ескере отырып іске асырылады.

 Кездесуді қорытындылап, «Атамекен» және жиын қатысушылары бұл ситуацияны бақылауға алып, талдау дайындап, шешудің баламалы жолдарын ұсынуға келісті.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер