astana-view

Қарағанды облысының өнеркәсіп компаниялары «Өнеркәсіп» жүйесінде

2019 жылғы 06 Қараша
- Қарағанды облысы
9380 просмотров

Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы «Өнеркәсіп» мемлекеттік ақпараттық жүйені құру бойынша жұмысты жүргізуде

Палата директоры Ернар Күлпейісовтың пікірінше, жиналған статистикалық деректер және кәсіпорындардан қосымша ақпарат мемлекетке арналған талдауды қамтамасыз етеді, оның негізінде ары қарай бизнес үшін маңызды шешімдер қабылданады. Соның ішінде әр облыс ауданында бизнесті ашу бойынша нақты ұсынымдар әзірленеді. Отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау құралдарын түсіндіру жөніндегі семинар барысында  «Өнеркәсіп» өңдеу өнеркәсібінің жаңа ақпараттық-талдамалық жүйесін құру туралы ӨКП директоры баяндады.

«Жоба мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін, кәсіпорындарын жүктелуіне мониторинг жүргізуге арналған, жоба кәсіпорындарға кооперация құру мақсатында контрагенттерді іздеуге және шығарылатын өнімнің өткізуін кеңейтуге көмектеседі. Жүзеге асырудың бірінші кезеңінде елдегі 2 мыңнан астам өңдеу кәсіпорнын қамту көзделген, соның ішінде 354 компания – Қарағанды облысында орналасқан. Олардың қатарында құрылыс индустриясы, машина жасау, химия, фармацевтика, тамақ, жеңіл өнеркәсібі бағытындағы кәсіпорындар бар. Аталған жобаның шеңберінде көршілес жатқан мемлекеттердің сатып алуларының электронды жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету жоспарланған, бірақ әзірге Ресей Федерациясының ғана», – деп атап өтті ӨКП директоры Ернар Күлпейісов.

Аталған жүйемен келесі сілтемеден танысуға болады.

Қазақстанның өнеркәсіп саясатын жетілдіру мақсатында отандық  өнеркәсіп саласындағы компанияларды «Өнеркәсіп» ақпараттық жүйесін құруға белсенді қатысуға шақырамыз!

 «Өнеркәсіп» ақпараттық жүйесіне қатысты сұрақтар бойынша Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасына хабарласуды сұраймыз: Ермеков к., 29, 3-қабат, 316-кабинет, тел: 8(7212) 506416, 506411  e.mahmutov@atameken.kz  , b.umertayev@atameken.kz

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер