astana-view

Малайзияның SMITA халықаралық сауда қауымдастығы миссиямен Алматыға келді

2019 жылғы 06 Қараша
- Алматы қаласы
4372 просмотров

Сапар шеңберінде қауымдастықтың мүшелері Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасына келді, онда ұйымдар арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

SMITA – Малайзияның шағын және орта бизнесінің халықаралық сауда қауымдастығы. Аталған ұйым шағын және орта кәсіпорындарға көмектеседі, сауда миссиялары, халықаралық конференциялар мен білім беру семинарлары сияқты оқыту, сараптама және қолдау қызметтерін ұсыну арқылы компаниялардың әлемдік аренада дамуына ықпал етеді.

Тараптар қол қойған меморандумның басты мақсаты – малайзиялық және қазақстандық компанияларды инвестициялар және іскерлік ынтымақтастық үшін байланыстыру.

Тараптар Малайзия мен Қазақстан арасындағы сауда-саттық пен инвестициялардың өсуіне ықпал ету үшін нарықтық жағдайлар, заңнамалық база, сыртқы сауда мен бизнес мүмкіндіктері туралы экономикалық және іскери ақпараттармен тұрақты түрде алмасуға ниетті.

Бұдан бөлек, ұйымдар ары қарай ұлттық және халықаралық жәрмеңкелер, көрмелер, сонымен қатар жеке және мемлекеттік сектордағы кездесулер туралы ақпаратты беріп отырады. Қажет болған жағдайда өзара келісіммен іскерлік сапарлар мен кездесулер ұйымдастырылатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер