astana-view

Электр энергиясына сараланған тариф: құқық бар, мүмкіндік жоқ

2019 жылғы 14 Қараша
9453 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Тарифтер жөніндегі кеңестің отырысында электр энергиясын тәуліктік белдеулер бойынша сараланған тарифтерді қолдануды қайтару мәселесі қаралды. Талқылауға барлық өңірлер, мемлекеттік органдар және бизнес субъектілерінің өкілдері қатысты

Қызу талқылау электр энергиясын тәуліктік белдеулер бойынша сараланған тарифті алып тастау мәселесіне қатысты өрбіді. «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ бас директоры Жетпісбай Едігенов тәуліктік белдеулер бойынша сараланған тарифтерді қолдануға қатысты өз позициясын білдірді.

 «Электр энергиясын тұтынуда бірнеше нұсқалар болуы керек, өйткені бұл өндірістердің экономикасына, атап айтқанда біздің өндірістік қызметімізге әсер етеді. Түнгі тарифтерді алып тастау өнімнің өзіндік құнын 10-12%-ға қамбаттауына әсер етті», – деді Жетпісбай Едігенов.

 Өз кезегінде «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС бас директоры Владимир Усенконың айтуынша, қазіргі таңда энергия шығаратын барлық ұйымдар электр энергияны өзіндік құн деңгейінде белгіленген, нөлдік табыстағы шекті тарифтермен сатады.

«Нарықтың ағымдағы құрылымында біз дифференциалауға мүмкіндік көріп тұрған жоқпыз», – деді Владимир Усенко.

 «Ашық тариф» қауымдастығының президенті Петр Своиктің пікірінше, сараланған тарифті қайтару қажет. Бұдан бөлек, оны тұтынушыларға 50%-ға төмендетуге болады.

 «Ұлт жоспарының 50 және 52-қадамында қарастырылғандай, энергия нарығының құрылымын өзгерту керек. Энергетика министрлігіне осы қадамдарды орындауды ұсыну керек. «Түнгі» тарифті орташа құнынң жартасы мөлшерінде  электростанцияларға да, тұтынушыларға да тиімді етуге болады», – деді петр Своик.

 Өз кезегінде «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева тәуліктік белдеудер бойынша сараланған тарифтерді енгізудің мақсаты электр энергиясын тұтынуда ең үлкен шектегі көлемді  тегістеу үшін енгізгенін еске салды.

«Бастапқыда түнгі, күндізгі және кешкі тарифтер арасындағы айырмашылық үлкен болды. Осы ретте бірқатар кәсіпорын өз қызметін түнгі уақытқа қарай бейімдеп алды. Сараланған тарифтер алынып тасталғаннан соң тұтынушылар айтарлықтай шығын көре бастады.  Бүгінде түнгі тариф жоқ, алайда оны қолдануға құқығы бар. Ал мүмкіндік қарастырылмаған,  өйткені энергия шығарушы компаниялар мұндай мүмкіндікті бизнеске бере алмайтындарын алға тартуда», – деді Юлия Якупбаева.

 Осы сұрақ бойынша пікір-талас сәйкес есептеулер жасалған соң жалғасатын болады. Сонымен қатар тарифтерді тұтыушылар бойынша саралау мәселесі қаралды, бұл тарифте заңды тұлғалардың халыққа арналған тарифтерін көлденең субсидиялау жүзеге асырылады. «Батыс Энергоресурсы» ЖШС бас директоры Дина Галиметденова тұтынушылар топтарына қарай электр энергиясын тасымалдауға арналған сараланған тарифтерді қолдану мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Кеңес отырысының қатысушылары заңды және жеке тұлғалар арасында сараланған тарифтің айырмашылығын қысқарту қажеттілігі туралы мәселе көтерді. Кеңестің мүшесі Андрей Витик Алматыда электр энергиясын тұтынушылардың барлық топтарына бірыңғай тарифті қолдану тәжірибесі барын айтты.

Бұдан бөлек, электр және электр энергиясы нарығын енгізу, жасыл технологияларды енгізу, CEM қызметтеріне бірыңғай тарифтерді енгізу, барлық өндірілген энергияны орталықтандырылған тендерлерге міндетті түрде енгізу, оларды кеңестің келесі отырысында егжей-тегжейлі қарау ұсынылады  мәселелері көтеріліп, ішінара талқыланды.

 Кеңесте талқыланған мәселелердің маңыздылығын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова атап өтті.

 «Тарифті белгілеуге қатысты барлық мәселелер, соның ішінде тарифтерді саралау, электр энергиясы нарығында бәсекелестікті дамыту, тарифтерді қарау мәселелері барлық мүдделі тараптардың талқылауын қажет етеді», – деді депутат.

 Кеңес қорытындысы бойынша ҚР ҰКП, бизнес-қоғамдастық және ҚР Ұлттық экономика министрлігімен келесі жұмысты атқару бойынша шешім қабыладнды:

1) тарифтер деңгейлерін есептеу және талдау жүргізу;

- электр энергиясын тәуліктік белдеулер бойынша сараланған тарифтерді қолдануға өту кезінде;

- электр энергиясын тұтынушылар топтары бойынша сараланған тарифтерді қолдану кезінде;

 2) табиғи монополиялар салаларындағы бес жылдық кезеңге арналған болжамды тарифтік көрсеткіштерді айқындау

3) инфрақұрылым және және табиғи монополиялар субъектілері мен қоғамдық маңызды нарықтар субъектілері қызметін мониторингілеуде бірлескен тәсілдерді әзірлеу.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер