astana-view

Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдігі Кеңесте талқыланды

2019 жылғы 29 Қараша
- Түркістан облысы
12143 просмотров

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасында Орынбасар Қабиштаевтың төрағалығымен Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті

 Оған мемлекеттік органдардың, прокуратураның және облыстың іскер топтарының өкілдері қатысты. Кездесудің негізгі күн тәртібі сатып алу саласы болды.

 Кеңес төрағасы Орынбасар Қабиштаевтың айтуынша, мемлекет тарапынан жыл сайын мемлекеттік мекемелер сатып алатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға үлкен қаражат бөлінуде.

Сонымен, 2019 жылы Түркістан облысы бойынша мемлекеттік сатып алу веб-порталында 1449 тапсырыс беруші мен 1549 жеткізуші (мердігер) – заңды тұлға, 1383 жеткізуші-жеке тұлға тіркелген; 373 млрд. теңге сомасына жылдық сатып алу жоспарлары орналастырылған; 344 млрд. теңгеге электрондық келісімшарттар жасалды.

Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға бөлінген мемлекеттік қаражатты жұмсау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында осы саладағы лауазымды тұлғалардың араласуын шектейтін нормативтік құқықтық база жасалған.

Алайда, мемлекеттік сатып алулар әлі күнге дейін экономиканың ең жемқорлық салаларының бірі болып табылады, ал мемлекеттік органдар қабылдап жатқан шаралар жемқорлықты оқшаулауға шешуші оң әсерін тигізбей келеді.

Мәселен, Түркістан облысының құқықтық статистикалық мәліметтері бойынша 2019 жылы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 207-бабына сәйкес, мемлекеттік аудитімен қозғаған істерінің саны- 1358. Оның ішінде 471 іс қаралып (38 тоқтатылған (8%), 433 айыппұл салынды), 887 – қаралуда.

Айта кету керек, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 207-бабының ескертпесіне сәйкес, лауазымды тұлға камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберілген күннен бастап 10 жұмыс күн ішінде бұзушылықтарды өздігінен түзеткен жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу үшін мемлекеттік қаражатты пайдалану барысында сыбайлас жемқорлықтың таралуы осы саладағы жүйелік құқықтық қақтығыстарға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің дамуынына әсер етуші болып табылады.

Сонымен, «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚРЗ-ның 45 бабына сәйкес тапсырыс берушілерге жекелеген ашық конкурссыз келісімшарт сомасын ұлғайту бағытында қосымша келісім жасасу құқығын береді.

Ұйымдастырушы конкурсты жариялаған кезде, сатып алу сомасын мүмкіндігінше азайтып, Заңның 45-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сілтеме жасай отырып қосымша жұмыс пен қызметтерге қосымша келісім-шарт жасасу арқылы соманы арттырғандығы туралы көптеген фактілер бар.

Мәселен, Қазығұрт ауданында 4 лот бойынша  ашық конкурс өткізілген кезде конкурс сомасы 243 482 590 теңге болған. Нәтижесінде тендер жеңімпазымен 177 742 206 теңге сомасына келісімге қол қойылған.

Алайда, сатып алу барысында үнемделген соманы ескеріп, тараптар тратуарды жөндеуге жалпы сомасы 41 370 250 теңгеге қосымша келісім жасасқан және ол бастапқыда жобалық-сметалық құжаттамада көзделмеген. Нәтижесінде сатып алудың жалпы сомасы 219 112 456 теңгені құрады.

Палата мамандары тротуарды жөндеу бастапқы жобалық-сметалық құжаттамаға енгізілмегендіктен, Тапсырыс беруші осы жұмысқа бөлек ашық конкурс өткізуі керек деп санайды.

Сондай-ақ, мониторинг нәтижесінде, қорытынды хаттамасына сәйкес, Қазығұрт ауданындағы лоттардың алғашқы жеңімпазы өз жұмысын 2016 жылы бастағанына қарамастан, 10 жылдық тәжірибесі бар деп көрсеткен.

Бұдан бөлек, Кеңес отырысында мемлекеттік сатып алу саласындағы тағы бірнеше бұзушылық фактілері айтылды.

  «Мұндай мысалдар өте көп. Осылайша, заңнамадағы бар олқылықтар және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру кәсіпкерлік қызметтің дамуына теріс әсер ететін тигізіп, сыбайлас жемқорлықтың қалыптасуына жағдай жасауда», – деп атап өтті Кеңес төрағасы.

          Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының бірінші орынбасары Талғат Төлебаев кәсіпкерлердің шағымдары болған жағдайда ғана олар аудиттен шығуы мүмкін екенін атап өтті.

          Ал мемлекеттік сатып алу басқармасының өкілдері байланысқа шықпай,  Кеңес отырысына шақыруды елемеді.

          Облыс прокурорының бірінші орынбасары Артықбек Пашаев прокуратура жанынан мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығын тексеру үшін жұмыс тобы құрылғанын атап өтіп, оған Палата маманын енгізуді ұсынды.

          Қорытындылай келе, Кеңес мүшелері Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне мониторинг нәтижесін қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін жіберуге және  «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚРЗ-ның 45 бабына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу және енгізуге шешім қабылдады.

         

         


Еншілес ұйымдар

Серіктестер