astana-view

Алматыда туризмді мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды

2019 жылғы 26 Желтоқсан
- Алматы қаласы
4674 просмотров

«Алматы тау кластерінің туризм саласында шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Алматы қаласы ӨКП, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ, «Даму» қоры» АҚ, мемлекеттік органдардың өкілдері мен бизнесмендер қатысты

 Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының өкілі Жәнібек Әбілқайыр өз баяндамасында қаржылай және қаржылай емес мемлекетті қолдау шараларына назар аударды, Палатаның кәсіпкерлерге көрсететін қызметтері туралы ақпарат берді.

 «Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы туризм саласындағы  шағын және орта кәсіпкерлік дамуына көмектеседі. Бастауыш және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді курстар қарастырылған. Курс аяқталған соң белгіленген үлгіде атаулы сертификаттар беріледі. Жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерді сервистік қолдау шеңберінде біз бухгалтерлік есеп жүргізу, соның ішінде «1С-Бухгалтерия» бағдарламасын пайдалану бойынша кеңес береміз, бухгалтерлік есепті қалпына келтіруге көмектесеміз, құжаттарды өңдеуге, салықтарды есептеуге, салықтық және статистикалық есептілікті электронды форматта өткізуге көмектесеміз. Сонымен қатар маркетинг, заңгерлік, жобаларды сүйемелдеу бойынша қызмет көрсетіледі. Биыл «Жас кәсіпкер» және «Бастау» жобалары бойынша оқу өтті, оқу аяқталған соң 200 АЕК көлемінде грант алуға мүмкіндік берілді, сондай-ақ «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы жылдық 6 пайызбен 8000 АЕК-ке дейін жеңілдікпен несие алу мүмкіндігі қарастырылған», – деді Жәнібек Әбілқайыр.

 «Даму» қорының бас менеджері Лаура Оралтаева дөңгелек үстел барысында субсидиялау және кепілдендіру механизмдері туралы айтты.

 «Даму» қоры – Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік субъектілердің экономикалық өсуі мен қалыптасуын ынталандыру, сонымен қатар сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдауға бөлінген мемлекет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында құрылған ұлттық даму институты. Қор бастауыш және жұмыс істейтін кәсіпкерлерге келесі бағытта қызмет көрсетеді:  «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде несиелерді субсидиялау және кепілдендіру; «Жібек Жолы» өңірлік бағдарлама шеңберінде жеңілдікпен несиелеу, «Қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде басымдыққа ие жобаларға арналған несиелерді субсидиялау және кепілдендіру, Еуропа қайта құру және даму банкі бағдарламасы бойынша несиелеу, АДБ қаражаты арқылы қаржыландыру», – деді маман.

 Дөңгелек үстел барысында Алматы облысында туристік саланы тиімді ілгерілетуге арналған үлгілік жобалар таныстырылды, бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ саладағы түйткілді мәселелер және оларды шешу жолдары  талқыланды


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер