astana-view

«Жас кәсіпкер»: Атырауда жастар бизнес дамуына 155 млн теңге көлемінде гранттар алды

2020 жылғы 10 Қаңтар
- Атырау облысы
8326 просмотров

2019 жылы «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 600 адам оқып шықты

«Жас кәсіпкер» – жастар кәсіпкерлігін қолдау мен дамытуға бағытталған білім беру жобасы. Жастар жылы аясында жобаны «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы пилоттық режимде іске қосты. «Жас кәсіпкер» жобасы ел ауқымында тиімділігін көрсеткен «Бастау» жобасының жалғасы ретінде жұмыссыз немесе тұрақты табысы жоқ жастар арасында өткізілді.

Жоба тәжірибелі бизнес-жаттықтырушының әр стартап үшін оқыту және жеке қолдау компоненттерін ұсынады, осы арқылы жастар жаңа білім және дағдыларды игеріп, ары қарай жеке кәсіп аша алады. Жоба түлектеріне мемлекеттік грант алу немесе бизнеске бастапқы капитал ретінде жеңілдікпен несие алуға мүмкіндік берілді.

 «2019 жылы «Жас кәсіпкер» жобасымен 600 қыз-жігітті қамту көзделген. Олардың барлығы оқуға қатысты. Соның ішінде 308-і – жалпы сомасы 155 млн теңгеге 200 АЕК көлемінде мемлекеттік грант алды. Жоба пилоттық режимде іске қосылғанына қарамастан, оған қатысам деушілер көп болды. Жоба жастарға жаңа біліммен қоса, жаңа таныстық, жаңа эмоциялар, жаңа мүмкіндіктер сыйлады. Оқу аяқталған соң аудандарда, облыс орталықтарында үлкен форматтарда «BASTA» форумдары ұйымдастырылды, оған «Бастау» жобасы және «Жас кәсіпкер» жобасының түлектері қатысты», – деді Атырау облысы ӨКП Қаржылай емес қолдау бөілімінің жетекшісі Жанаргүл Жоламанова.

   Бизнес-жобалардың негізгі үлесі қызмет көрсету саласына тиесілі, бұл жаңа сұлулық салондары, қоғамдық тамақтану орталықтары, іс-шараларды ұйымдастыру және сүйемелдеу бойынша қызметтер. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы бағытында және өңдеу өнеркәсібінде де жобалар бар.

 «Былтыр «Бастау» жобасымен оқу жалғасты. Еске салсам, оған кәсіп ашқысы келетін жұмыссыздар және өзін-өзін жұмыспен қамтығандар, сонымен қатар бизнесін кеңейтуді көздеген кәсіпкерлер қатыса алады. Барлығы 200 адам оқып шықты, соның ішінде 676 адам жалпы сомасы 1 млрд 123 млн теңгеге қаржыландыру алды. Соның ішінде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен жалпы сомасы 240 млн теңгеге 100 АЕК және 200 АЕК көлемінде 497 грант берілді», – деп хабарлады ӨКП өкілі.

 Жаңа жылда «Бастау» жобасы жалғасын табады. Қатысушыларды іріктеу және оқытудың басталу күндері туралы БАҚ көздерінде және «Атамекен» ҚР ҰКП ресми сайтында жарияланады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер