astana-view

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнамаға түзетулер енгізіледі

2020 жылғы 22 Қаңтар
8001 просмотров

Осыған дейін қорғалатын аумақ құрамынан шығарылған пайдаланылмай жатқан  жерлерді ерекше қорғалатын табиғи территорияларға қайтаруды жеңілдету және табиғат қорғау мекемелерінің меншікті қаражатының жаңа көздерін анықтау

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қарауына ҚР Парламенті депутаттарының бастамасымен «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы келіп түсті.

 Депутаттар ұсынған түзетулер келесіні қарастырады:

 - жер қорына аударылған, бірақ пайдаланылмай жатқан немесе мақсатты нысансыз пайдаланып жатқан ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерiнiң жобаларын әзiрлеусіз, қайта аудару мүмкіндігі;  

 - табиғат қорғау мекемелерінің жеке қаражатын қалыптастыруы, соның ішінде атты көлік қызметін ақылы көрсету есебінен қаражатты қалыптастыру мүмкіндігі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер