astana-view

Елордада балабақша тәрбилеушілері төмен еңбекақы салдарынан жұмыстан кетуде

2020 жылғы 27 Қаңтар
- Астана қаласы
8613 просмотров

Елордалық жекеменшік балабақшаларда төмен еңбекақы салдарынан тәрбиелеушілердің жұмыстан кетуі байқалуда

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасы және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен өткен есептік кездесу барысында жекеменшік балабақшалардың иелері айтты.

Олар барлық білім беру түрлерін жан басына қаржыландырудың бірыңғай әдістемесіне сәйкес жан басына қаржыландыру сомасына құрал-жабдықтар, жөндеу, ғимараттарды күту, сондай-ақ еңбек шығындары кіретіндігін айтты. Биыл астанада жан басына қаржыландыру сомасы болмашы өскен, бұл дегеніміз жекеменшік балабақшалар ата-аналар төлемінің өсуі есебінен жұмыскерлеріне еңбекақыларын арттыра алады.

«Қазір мектептке дейінгі білім беру ғана емес, сондай-ақ мектептік білім беруде проблема бар. Бізде тәрбиешілеріміз жұмыстан кетіп жатыр. Әрине, ата-ана төлемі төмен балабақшалар нарықта күн көре алмайды. Мәселені жергілікті деңгейде шешкен абзал, жекеменшік балабақшаларға мемлекеттік тапсырысты арттыру керек», – деп пікірін білдірді Динара Құдайкова.  

Осы бизнестің өкілдері ата-ана төлемін өсіру балалар санының азайғанына әкеледі, сондықтан бір ғана шешім бар – жергілікті немесе республикалық бюджеттен қаражат бөлу керек, мұндай жолмен мемлекеттік балабақшалар қаржыландырылады.

Балабақша иелерін мазалайтын екінші проблема 2-ден 3 жасқа дейінгі балаларға жан басына қаржыландыруды бөлу мәселесі.

 Соңғы статистикалық деректерге сәйкес елімізде 3 жасқа дейінгі балалардың демографиялық өсуі байқалады, және балабақшаға  кезек тізімінде негізінен осы жастағы балалар тұр. Елдің көптеген өңірінде 3-6 жас аралығындағы балаларды қамту 90-95%-ға жеткен, яғни бабаларды балабақшаға орналастыру проблема емес. Осы ретте 2-3 жастағы балалардың ата-анасы көп жағдайда жұмысқа шығуға мәжбүр болып, жекеменшік балабақшаға жолдама алуға мүмкіндіктері болмай жатады, өйткені мемлекеттік білім беру тапсырысы оларға қарастырылмаған.

 «Осы балалардың ата-аналары оларды көлеңкелі балабақшаға беруге мәжбүр, әдетте онда балалардың тәрбиесімен біліктілігі аз адамдар айналысады, немесе ата-ана баласын 40-50 мың теңгеге коммерциялық топқа береді», – деді қатысушылар. 

Осылайша, 2-3 жастағы балаларға орынға сұраныс артып келеді, алайда жекеменшік балабақшалар бұл сұранысты жоғары баға салдарынан жаба алмай отыр.

 Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов кездесуге қатысушылардың пікірін тыңдап, 2016 жылы Палата және оның Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінің қолдауымен жекеменшік балабақшаларға жан басына қаржыландыру мөлшерінің артқанын атап өтті.

 «Егер қажеттілік туындаса, онда осы мәселе бойынша жұмыс тобын қайта құру қажет, материалдар мен негіздемелерді дайындап, Кеңес қарауына шығару қажет. Осылайша, жергілікті атқарушы орган және қала қоғамдастығы алдында мәселе туралы мәлімдеу керек», – деді Алмат Жүнісов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер