astana-view

Құрылыс бизнесі отандық өндірушілерді қолдауға дайын

2020 жылғы 07 Ақпан
6061 просмотров

 «Атамекен» алаңында Өңдеу өнеркәсібі, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комиттетерінің бірлескен жиыны барысында құрылыс саласындағы импортты алмастырудың түйткілді мәселелері талқыланды

Жиынды ашып, «Атамекен» Төралқасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы Александр Белович құрылыс саласында жергілікті қамту үлесін арттыру мақсатында өкілетті орган бірқатар заңнамалық түзетулерді ұсынғанын хабарлады, атап айтқанда:  

-объектілерді бюджет есебінен салуда тапсырыс берушілер және мердігерлерді отандық тауар өндірушілер өнімін сатып алуға міндеттеу;

-отандық тауар өндірушілердің өнімін қолдану бойынша талаптарды белгілемегені үшін, сонымен қатар отандық өнімді импорттық өнімге ауыстыруда негізсіз мақұлдау үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту;

 -сметалық бағалар жиынтығын отандық тауар өндірушілер ақпараты негізінде ғана қалыптастыру.

 Жоғарыда аталған ұсыныстарды талқылау үшін ҰКП Төралқасы салалық комитеттерінің бірлескен жиыны ұйымдастырылды.

Өндірушілер мен әзірлеушілердің басын қосу идеясын жиналысқа қатысушылардың барлығы оң қабылдады, өйткені салаларда ұқсас проблемалар бар, олардың ішіндегі өзектісі –  ақпараттық «асимметрия».

 «Бір саланың проблемасын екінші саланың есебінен шешуге болмайды. Бәріміз Қазақстан экономикасының дамуын қалайтынымызды түсінеміз, осы жолда бірлесіп, бірімізге біріміз кедергі келтірмей, даму жолдарын іздеуіміз керек. Иә, бүгінде Қазақстанда құрылысқа қажеттінің барлығы табыла қоймас, бірақ дегенмен, осы бағытта жұмыс сөзсіз қажет», – деді Өңдеу өнеркәсібі комитетінің төрағасы Владимир Бобров.

 «Кез келген елде құрылыс саласы өндірістің қозғаушы күші болған, қалай және қаншалықты көп салуымыздан дамуымыздың өрісі байланысты. Біз сіздерге қарай бейімделіп, сіздерге қажет өнімді өндіретін боламыз», – деп қолдау білдірді Лифтшілер одағының президенті  Нұржан Кенжебаев.

Осы ретте  спикер жиналысқа қатысушылардың назарын мемлекет әрқашан құрылыс саласын қолдап, оны дамыту үшін қыруар қаражат бөлетіндігіне аударды, егер құрылысшылар өндірушілерді қолдаса, әділ болар еді.

Өз кезегінде Александр Белович отандық тауар өндірушілерді қолдау қажеттілігін қолдады:

«Біз қазақстандық құрылыс материалдары нарығын дамыту жөніндегі идеяны қолдаймыз, құрылысшылар ретінде бізге барлық материалдар шетелден емес, елімізден сатып алынуы ыңғайлы болар еді».

 Осы ретте, спикер мемлекет құрылыс саласын қаржыландыра отырып, құрылысшыларды шектеп жатқанын атап өтті:

  1. шаршы метрдің құны бойынша:
  2. құрылыс материалдары сметасы бойынша, еңбекақы, машиналар және механизмдер бойынша.

 Осы тұста құрылыстың тапсырыс берушілері/мердігерлері, сондай-ақ құрылыс материалдарын өндірушілеріне де тәуекелдер туындайды.

Жиынға қатысушылар мемлекеттік қолдау шаралары – мәңгілік емес, кез келген бағдарлама ерте ме, кеш пе, аяқталатынын, ал  оны жүзеге асыру үшін құрылған өндіріс нарықта мемлекет қолдауынсыз тіршілік ете алатындай бәсекеге қабілетті болуы керек. Тақырыпты жалғастыра отырып, ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева осыған дейін ұсынылған Құрылыс материалдары мен қызметтерді жеткізушілердің тізілімін құру идеясын айтты.  

  «Құрылыс материалдарын өндірушілер туралы толық ақпараттың болмауы құрылыста отандық өнімді қолдануды қамтамасыз етуде айтарлықтай кедергі болып отыр», – деп атап өтті Юлия Якупбаева.

 

«Ақпаратқа ие адам әлемді басқарады, біздің ортақ міндетіміз белсенді ақпараттық алмасуды жолға қою. Бізге Сіздерге не қажеттігін нақты білу керек, ал сіздер біз не істей алатынымзды білулеріңіз керек. Бұл мәселені индустриялық сертификатты беру және өнеркәсіптің ақпараттық жүйесін қалыптастыру арқылы шешеміз деген ойдамыз. Егер сіздер өз қажеттіліктеріңіз туралы ақпаратты берсеңіздер, онда біз келісімге келе аламыз», – деді Машина жасау және металл өңдеу комитеті төрағасының орынбасары  Павел Беклемишев құрылыс бизнесіне назар аударып.

Өз кезегінде, Александр Белович Өңдеу өнеркәсібі комитетіне тұрғын үйдің (кеңсе, әлеуметтік объекті) 1 шаршы метрін салу үшін кететін құрылыс материалдар қажеттілігі туралы ақпаратты беруді ұсынды, бұл объектілердің тиісті ауданы үшін құрылыс материалдарының қажетті көлемін есептеуге мүмкіндік береді.

 Қызу пікірталас пен тақылаудан кейін қатысушылар үш салалық комитеттің өкілдерін қосып, Жұмыс тобын құруға шешім қабылдады. Бір ай ішінде ұсыныстар жинақталып, Жол картасы әзірленеді. Отандық өндірушілердің құрылыс материалдарының қажеттіліктерін қанағаттандыру нарығының мүмкіндіктерін талдағаннан кейін заңнамаға өзгерістер енгізу туралы мәселе қайта қаралады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер