astana-view

Шымкентте дәрі-дәрмектердің бағасын көтермеуге қатысты келісім жасалды

2020 жылғы 10 Ақпан
- Шымкент қаласы
10218 просмотров

Шымкенттің ірі фармацевтикалық кәсіпорындары және дәрі-дәрмектерді сатушылар ағымдағы жылдың аяғына дейін вирусқа қарсы препараттар мен маскалардың бағасын көтермейді

Шымкент қаласы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер  сапасы мен қауіпсіздігі департаменті және фармацевтикалық қауымдастықтардың жетекшілері дәрі-дәрмектің 100-ден астам аталымы және медициналық мақсаттағы заттардың бағасын өсірмеу бойынша жауапкершілікті ала отырып, меморандумға қол қойды. Бұл туралы Комитеттің Шымкент қаласы ӨКП алаңындағы өткен отырысы барысында Білім беру және денсаулық сақтау саласы комитетінің төрағасы Бекайдар Нұрмашев хабарлады. Меморандумға аз қамтылған халықты қолжетімді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде қолдау мақсатында қол қойылды. Атап айтқанда меморандумға: «Даму» фармацевтикалық және медициналық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ, «Оңтүстік Қазақстанның фармацевткиалық кластер қауымдастығы» ЗТБ, «Еврофарма» ЖШС, «Зерде-фарма» ЖШС, «ЮгМедФарм» ЖШС, «МуратФарм» ЖШС, «Atamiras» ЖШС, «Эко-Фарм» ЖШС, «Фитофарм» ЖШС, «Ару-Фарм» ЖШС,   «Алкен Сервис» ЖШС, «Нур-торе» ЖШС және басқа да компаниялар қол қойды.

 «Вирустардың, тұмау, жедел респираторлық-вирустық инфекциялары, коронавирустың таралуына қатысты Әлемдік қоғамдастықта, соның ішінде Қазақстанда болып жатқан жағдайларға байланысты дәрі-дәрмектер, вирусқа қарсы препараттар, бірреттік маскалар мен дәкелер бойынша қалада тапшылық тіркелмеген», – деп атап өтті Шымкент қаласы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер  сапасы мен қауіпсіздігі департаменті жетекшісінің орынбасары Ләззат Қашқымбаева.

 Дегенмен, маманның айтуынша, дәрі-дәрмектердің көтерме-бөлшек өткізуде шеткі бағаларды реттеу қағидаларын ұстану қажет (ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2019 жылғы 15 шілдедегі «көтерме және бөлшек сауда үшін дәрі-дәрмектерді сауда аталымына шеткі бағаларды бекіту туралы бұйрығы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің  09.01.2020 жылғы бұйрығымен енгізілген өзгерістермен).       

Еске салайық, Шымкент қаласының дәріханалық ұйымдары халыққа дәрі-дәрмектерді сату кезінде осы меморандумның тізімі мен белгіленген бағаларын қатаң сақтауы керек. Егер  осы мемаорандум шеңберінде белгіленген бағалардың сәйкес келмеуі анықталса, жетекші органдарға хабарласуды сұраймыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер