astana-view

Қытаймен шекарадағы жүк тасымалына қатысты кәсіпкерлерге арналған жедел желі іске қосылды

2020 жылғы 13 Ақпан
9831 просмотров

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы коронавирустың өршуіне байланысты туындаған мәселелер бойынша импорттаушылар мен экспорттаушыларға көмек беру жөніндегі жедел желіні іске қосты

Енді Қытаймен импорттық және экспорттық операцияларды жүзеге асырып жатқан кәсіпкерлер егер жүк, тауар немесе шикізат ҚХР-мен арадағы шекарада қалып қойса, Сыртқы сауда палатасына өтінім жасай алады. Сыртқы сауда палатасы кәсіпкерлерден егжей-тегжейлі және нақты өтінімдерді күтеді.

Жедел желі кәсіпкерлердің өтінімдеріне жауап беру және өтінімдердің есебін жүргізу, сондай-ақ кәсіпкерлерге мүмкіндігінше көмек көрсету бойынша жұмыс істейді.  

Кәсіпкерлер 1432 нөміріне («Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының call-орталығы), немесе 8 707 909 0152 (WhatsApp) нөміріне хабарласып, сондай-ақ onlinevpk@atameken.kz электронды мекенжайға хат жолдай алады. Өтінім қалдыру уақыты – жұмыс күндері сағат  9:00-ден 19:00-ге дейін.

Келіп түскен өтінімдермен нәтижелі жұмыс істеу мақсатында Сыртқы сауда палатасының өкілдері өтінімде: кәсіпкер аты-жөні, компания атауы, өтінім беру себебі, байланыс мәліметтерді нақты көрсетуді сұрайды.

 Аталған жедел желі сондай-ақ ҚХР-да импорттық-экспорттық операциялар бойынша форс-мажорлық жағдайлардың бар болуы/ болмауына қатысты сұратымдарды қарауда қолданылатын болады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер