astana-view

«ЖАРҚЫРА- 2020» байқауының жеңімпаздары марапатталды

2020 жылғы 21 Ақпан
- Маңғыстау облысы
5218 просмотров

Ақтау қаласында Орта Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) «Теңізшевройл» ЖШС қаржылық қолдауымен жүзеге асыратын «Жарқыра» әлеуметтік кәсіпкерлік байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізді

Салтанатты іс-шараға облыс әкімдігінің әлеуметтік бөлімдер басқармаларының, ақпарат құралдарының, «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының, «Даму» АҚ, Маңғыстау облысының Азаматтық Альянсының және үкіметтік емес ұйымдарының, «Теңізшевройл» ЖШС және ОАЕҚ өкілдері қатысты.

 Жартылай финал жеңімпаздары сарапшылар комитеті алдында әлеуметтік жобаларын қорғады. Байқаудың нәтижесінде 6 жоба жеңіске жетті: 2 жоба грантқа және 4 жоба бес жылға пайызсыз несие түріндегі қаржылай қолдауға ие болды. «Жарқыра» бағдарламасының биылғы жалпы грант қоры 17 млн теңгені құрады.

Жеңіске жеткен жобалардың тақырыптары өте маңызды әлеуметтік аспектілерді қамтыды: екі жоба қажеттіліктері ерекше балаларға арналған, бұл жобалар осындай балалардың аналарының бастамасымен жасалып отыр; балалардың болашақ өмірдегі қабілеттерін дамытуға бағытталған инновациялық жоба; азаматтар мен кәсіпорындардан қалдықтарды жинап, қайта өңдеуге бағытталған экологиялық жоба; қолөнерді дамыту мен аудандағы балаларды оқытуға арналған жоба; балалардың көздерін емдеу және көз ауруларының алдын алуға бағытталған жоба.

«Біздің компания «Жарқыра» бағдарламасының жеңімпазы атанды. Біз үшін осы бағдарламадағы ең маңыздысы – жобамызды жүзеге асыруда әріптестерімізден тәжірибе алмасып, білім алу. Өз ісіне берілген, адал адамдардың ортасында жүрсең, өз бизнесіңе де жаңа импульс табуға болады. Адамдардың әлемді өзгертуге деген талпынысын қолдайтын осындай бағдарламаға ризашылығымызды білдіреміз», - деп атап өтті экология саласындағы жобаның жетекшісі Салтанат Бралина.

Жалпы байқауға 83 өтінім түсті. Былтырғы жылмен салыстырғанда 3 есе көп. Жартылай финалға 30 жоба өтті. Жартылай финалистерге арнап қор маркетинг, қаржылар, стратегиялық жоспарлау және көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары бойынша бизнес-тренингтер өткізді. Сонымен қатар, қатысушылар бизнес-жоспар жазуда кеңес берушілердің көмегін алды.

«ТШО «Жарқыра» бағдарламасының Маңғыстау облысындағы бірінші жылдағы жақсы нәтижелеріне сүйене отырып, бағдарламаны жалғастырды». Жобаның географиялық шекарасы да кеңейіп, байқауға Құрық ауылының тұрғындары қатысуға мүмкіндік алды. 2019 жылы сарапшылар комитеті Маңғыстау облысында 7 жобаны таңдады, олардың 6-уы халықтың игілігі үшін белсенді жұмыс жасап, несие қайтаруды бастады. Бүгінгі күнге қайтарылған қаржы 1,8 млн. теңгеге жетті, және бұл 2020 жылғы «Жарқыра» байқауының жеңімпаздарына өте жақсы үлгі» - деп атап өтті өз сөзінде «Теңізшевройл» ЖШС-нің үкімет және жұртшылықпен байланыс бойынша бас менеджері Рзабек Артығалиев.

«Жарқыра» бағдарламасында ӘК қолдаудың бүкіл кезеңі қарастырылған: өтінімдерді іріктеу, оқыту, қаржыландыру алу байқауы және тәлімгерлік. Әлеуметтік кәсіпкерлік – бұл қоғамдағы өзекті мәселелерді жаңашыл жолмен шешуге бағытталған әлеуметтік миссиясы бар бизнес. Оны әр түрлі елдердің азаматтары өз бетімен қоғамдағы өзекті мәселелерді тиімді шешу үшін табысты қолданылып келе жатыр. Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау – бұл әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекетке қолдау көрсету.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер