astana-view

Қазақстанда кәсіпкерлерге көмек көрсетудің жедел штабы іске қосылды

2020 жылғы 12 Наурыз
13099 просмотров

Коронавирус салдарынан тауар жеткізілімдері тізбегінің үзілуі және ҚР-дың негізгі экспорттық позицияларына әлемдік бағалардың айтарлықтай төмендеуіне байланысты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық бизнеске түсетін теріс әсерді төмендету мақсатында Жедел штаб құру туралы хабарлайды

Жедел штабтың міндеттері:

-бизнеске келтірілуі мүмкін тәуекелдерді және ағымдағы экономикалық ситуациядағы теріс салдарды бағалау: импорттық шикізат, жабдық және қосалқы бөлшектерді сатып алудағы проблемалар; қаржыға қолжетімділік (қаражат айналымы, валюталық заем, қайта қаржыландыру қажеттілігі және т.б.);

- бизнестен алынған мәліметтерді күнделікті негізде жүйелеу және өңдеу;

- бизнестің дамуына мүмкіндіктерді анықтау (өткізу нарықтары, қолдау шаралары);  

- бизнестен алынған мәліметтер негізінде Үкіметке ұсынымдар әзірлеу.

Бизнес өкілдерімен кері байланыс ҰКП-ның call-орталығы арқылы (қысқа нөмір: 1432) іске асырылады. Мына сілтемеде қысқаша сауалнаманы тауып, негізгі сұрақтарға жауап беруге, сұрақтар қойып, ұсыныстар қалдыруға болады.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық бизнес-қоғамдастықты орын алған мәселелер бойынша жедел кері байланыс орнатуға, ұсыныстар беруге, сондай-ақ жеке бизнеске ықтимал болған тәуекелдер мен мүмкін болатын салдар туралы хабарлауға шақырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер