Біз туралы
Қаз
Қазақстан бойынша тегін:
1432 | 8-800-080-80-10
Whatsapp: +7 778 870 1432

Форс-мажорлық жағдайларды тіркеу бойынша қызмет бизнеске тегін көрсетіледі

16 Наурыз 2020
38174 просмотров

Төтенше жағдай режимі кезеңінде Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы форс-мажорлық жағдайды куәландыру туралы сертификаттарды беру қызметін қайтарымсыз негізде көрсетеді

 Пандемияға байланысты келісімшарттық міндеттемелерді орындауға мүмкіндіктері жоқ отандық кәсіпкерлер форс-мажорлық жағдайды куәландыру үшін «Атамеккен» ҰКП-ның еншілес компаниясына жүгіне алады. Орын алған ситуацияда кәсіпкерлерге қолдау мен сертификаттарды тегін беру бойынша шешім қабылданды.  

 Сыртқы сауда палатасы күшейтілген режимде жұмыс істейді – сертификаттарды беру мерзімін қажетті құжаттар топтамасы болған жағдайда 15 күннен 5 жұмыс күніне дейін қысқарту мақсатында мамандар санын көбейтті.

 Палатынң қалған қызметкерлері кәсіпкерлерге форс-мажорлық жағдайды тіркеу мәселелері бойынша кеңес беруге кірісті. Мамандармен 1432 бірыңғай нөміріне қоңырау шалып, хабарласуға болады.

Форс-мажорлық жағдайға не жатады, не жатпайтынын түсіну үшін «Атамекен» ҰКП тиісті анықтама дайындады.  

Қандай жағдайларда коронавирус бизнеске форс-мажорлық жағдай (еңсерілмейтін күш жағдайы) болып саналады

  •  Егер кәсіпкер өзіне жүктелген міндеттемелерді тиісті түрде орындау үшін өзіне байланысты барлық шараларды қолданғанын дәлелдей алатын болса.
  •  Егер кәсіпкер келісімді  «еңсерілмейтін» күш салдарынан орындау мүмкін еместігін дәлелдей алатын болса. Бұл санатқа апатты құбылыстар, әскери әрекеттер және т.б. жатады. Мұндай жағдайға нарықта қажетті тауар, жұмыс немесе қызметтерді болмауы жатпайды, осы ретте тарап аталған кедергіні өткере алды ма және бұл шара қаншалықты мүмкін екенін назарға алу керек.

  Форс-мажорды растауды кім жүзеге асырады:

Қазақстанның Сыртқы  сауда палатасы  форс-мажор жағдайлары туралы дәлелдемелерді Қазақстан Республикасының сыртқы сауда операциялары мен халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырады (ҚР ҰКП басқармасының 2014 жылғы 12 тамыздағы №42 шешіміне сәйкес).

Шығындарды өтеу:

ҚР Азаматтық кодексінің 375-бабы 1-тармағына сәйкес осының салдарынан залал шеккен тараптар  тараптар арасындағы азаматтық құқық қатынастары немесе сот тәртібінде олардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.

 Сәйкес анықтаманы алу үшін мамандардың байланыс телефондарына хабарласа аласыздар 

Өтінеміз, өзіңізге ыңғайлы болатын байланыс операторы арқылы 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс уақытыңда қоңырау шалып, хат жазыңыздар:  

Билайн

Теле2, Алтел

Актив, Kcell

Өміржан 8 (705) 395-31-23

Айгерім 8-707-909-01-52

Сандуғаш 8-701-733-89-24

Қастер 8-705-852-25-05

Нұрия 8-707-490-32-29

Ерғанат 8-778-563-83-95

Жадыра 8-747-254-67-72

Гауһар  8-747-793-32-53

Зарина 8-778-867-32-69

Жанар  8 705 564 19 26

Әділет   8-708-682-72-45

Ельнар 8-775-530-16-94

Мәдина 8-777-499-49-92

Лаура   8-707-705-82-02

Абай     8-778-185-24-64

Айнұр 8-776-021-08-04

Ибрагим 8-747-470-49-25

Нұрболат Николаевич  

8-778-758-07-91

Әсел 8-776-993-95-82

Альбина 8-700-299-29-42

 

Айгерім 8 (771) 691-30-88

 

 

электронды мекенжай: info.icc.kz@gmail.com

Форс-мажор жағдайын растауды алу үшін қандай құжаттар тапсыру қажет:

  • Қосымшамен қоса жазбаша өтініш

 заңды тұлғаларға – тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама;

жеке кәсіпкерлерге – жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәлік;

  • Келісімшарт, спецификация, қосымшалар, келісімшартқа қосымша келісімдердің нотариалдық расталған скан-нұсқасы;
  • Қазақстан Республикасы аумағында құзыретті органдармен берілген және жалпыға белгілі жағдайлардан басқа келісімшарттық міндеттемелерді (мемлекеттік органдардың, оның ішінде жергілікті өкілді және атқарушы органдардың актілері (қоғамдық акт) орындаудың мүмкін еместігін растайтын құжаттардың скан-нұсқасы.

Форс-мажорлық жағдай Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерде орын алса, қосымша сұралатын құжаттар:

  • Жалпыға белгілі жағдайлардан басқа форс-мажорлық жағдай немесе «Hardship жағдайы орын алған мемлекеттің тиісті органымен (ұйымы) берілген ресми құжат (анықтамалар, хаттар, хабарламалар, бұйрықтар, ұйғарымдар және т.б.).

Қандай жағдайда форс-мажор туралы куәлік берілмейді?

  • Форс-мажор туралы куәлік «кез келген жағдайға» немесе «керек болып қаларға» берілмейді;
  • Куәлік субъектілердің еңбек шарттары шеңберіндегі міндеттемелері бойынша берілмейді, тек азаматтық-құқықтық сипаттарда.

Куәлік жауапкершіліктен сөзсіз босататын құжат болып саналмайды. Контрагенттер куәлікті қабылдамауға құқылы, мұндай жағдайда мүмкін болатын дауға сот инстанциялары нүкте қояды

 

 


Серіктестер