«Атамекен» онлайн-режимде. Қызметтерді қалай алуға болады?
Коронавирустың таралуын болдыртпау, азаматтардың денсаулығын сақтау үшін төтенше жағдай режимінде «Атамекен» ҰКП қызметі барлық бизнес-процесстерді сақтай отырып, қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырылды
- Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қызметін services.atameken.kz сайтында толық көлемде алуға болады.
- Құжат айналымы толығымен электронды хат алмасуды қабылдау/жіберуге ауысты. Хаттар мен өтінімдерді келесі арналар арқылы жіберуге болады:
- info@atameken.kz электронды поштасы
- atameken.kz сайты
- egov.kz порталы
- Мемлекеттік органдар үшін: Электронды құжат айналымның бірыңғай жүесі
- doculite.kz қолданушыларын қосу үшін: Қазақстан электронды құжаттармен алмасудың орталығы
- Облыстық кәсіпкерлер палаталарында демалыс және мереке күндерінен басқа күнделікті қызметкерлер кезекшілік атқарады, олар онлайн-қызметтер бойынша кеңес беріп, түсіндірме жүргізеді. Аудан орталықтарында мұндай қызметті филиалдар директорлары атқарады.
- Барлық байланыс телефондарын өңірлік кәсіпкерлер палаталарының сайттарынан табуға болады.
- «Бастау», «Бизнес Мектеп» (осыған дейін «Бизнес Кеңесші», «Бизнес Өсу») бағдарламалары бойынша оқуға өтінімдер ӨКП электронды пошталарына қабылданады (ӨКП-да нақтылау).
- Сертификаттау бойынша қызметтер – онлайн режимде беріледі, консультацияларды Өңірлік палаталардан телефон арқылы алуға болады, егер төтенше қажеттілік болса кезекші қызметкер сол жерден кеңес береді.
- Барлық жұмыс жиналыстары онлайн режимге ауыстырылды.
Коронавирус өршуіне байланысты бизнесі зардап шеккен кәсіпкерлерге Ұлттық палата базасында Жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Штаб кәсіпкерлерде туындаған мәселелер және тәуекелдерді жинақтау және талдау, сондай-ақ бизнеске зиянын азайту бойынша ұсыныстарды әзірлеумен айналысуда.
Барлық кәсіпкерлерді сауалнаманы толтырып, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП call-орталығына 1432 хабарласып немесе WhatsApp +7 778 870 1432 хабарлама жазуды сұраймыз.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: