Микроқаржы ұйымдары. Дағдарысқа қарсы шаралар
Қазақстанның микроқаржы ұйымдары төтенше жағдайдың жариялануына байланысты қарыз алушыларға банктерге ұқсас жеңілдіктер енгізуде
Басты шарт – қарыз алушыда 2020 жылдың 17 наурызына дейін кешіктірілген қарызы болмауы тиіс. Жекелеген шарттарды әр микроқаржы ұйымы жекелей анықтайтын болады.
Микроқаржы ұйымдары қарыз алушыларға келесі қолдауды көрсетуге дайын:
- Қазақстанда төтенше жағдай кезеңінде Қазақстанда төтенше жағдай нәтижесінде қаржылық жағдайы нашарлаған қарыз алушылардың төлемдерін кешіктіру бойынша айыппұлдар мен өсімақылар есептелмейді. Бұл шара микроқаржы ұйымдарының 2020 жылдың 17 наурызынан кейін төлемдерді кешіктірген клиенттеріне қарастырылған.
- ҚР-да төтенше жағдай кезеңінде ҚР заңнамасына сәйкес түзетулер күшіне енген соң жеке тұлғалардың төлемдерді кешіктіру мерзімі 90 күннен жоғары тұтынушылық кепілзатсыз қарыздары бойынша пайыздық мөлшерлемені тағайындауды тоқтату.
- Қазақстанда төтенше жағдай кезеңінде Қазақстанда төтенше жағдай нәтижесінде қаржылық жағдайы нашарлаған жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілеріне несиелер бойынша міндеттемелерді және басқа жеке шараларды 90 күнге дейін кейінге қалдыруды ұсыну және қарызды өтеу кестесін қайта қарау мүмкіндігі қарастырылады.
Дағдарысқа қарсы шараларды қолдауға дайындықты Қазақстан микроқаржы ұйымдарының қауымдастығына мүше ұйымдарға ғана білдірді, олардың нарықтағы микроқаржылық қызмет көрсету үлесі 90%-ды құрайды. Қауымдастыққа мүшелер тізімін www.amfok.kz сайтынан таба аласыздар.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: