astana-view

Елдегі ахуал – баршаға ортақ

2020 жылғы 20 Наурыз
- Маңғыстау облысы
3731 просмотров

Бүгін Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен онлайн брифингке Маңығстау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрбек Қарасаев қатысып, төтенше жағдай кезінде бизнесті қолдау мақсатында өңірлік кәсіпкерлер палатасында қолға алынған шаралар туралы айтты

«Қоғамдағы күрделі мәселелер баршамызға ортақ. Жергілікті әкімдікпен бірлесіп бизнесті қолдау үшін бір бағытта жұмыс істеп отырмыз. Қазір «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының 1432 нөмірлі call-орталығы қоңырау қабылдауда. Арнайы штаб құрылды. Басты мақсат – төтенше жағдайда бизнесте кездескен қиыншылықтарды шешу. Бүгінде штабқа түскен сауалдардың 57% несиеге, бизнес нысандардың жабылуы туралы 17%, тауар өндірушілерді қаржылай қолдау 12%, т.б. құрайды.

Бүгінде халықты бетпердемен қамту мәселесі өзекті. Сондықтан да бұрын бұл кәсіппен кәсіби түрде айналыспаған шеберханалар, тігіншілер толықтай бетперде тігуді қолға алды. Күніне Ақтауда – 5500, Жаңаөзенде 8 мың, Бейнеу ауданында 2500, Қарақияда – 1 мың, Маңғыстау ауданында 1500, Мұнайлы – 3 мың, Түпқараған ауданында – 4 мыңға жуық бетперде тігіледі. Әлі де сұранысты өтеу үшін жұмыстанамыз. Маталар мен шикізаттарды жеткізіп, тасымалдау жолдарын әкімдікпен бірігіп шешіп отырмыз», – дейді Нұрбек Қарасайұлы.

Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын өсірмеу туралы кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

«Қазіргі таңда кәсіпкерлердің несиелік, ғимараттарды жалға алу төлемдері, қызметкерлерге еңбекақы төлеу міндеттемелері бойынша мәселелер жеке-жеке қарастырылады. Банктер 90 күндік мерзіммен кәсіпкерлерге жеңілдіктер қарастырып жатыр. Банктерге барып, несие төлеудегі қиындықтарға қатысты өтініш жазып, қандай да бір мәселе туындаса біздің call орталыққа хабарласуға болады», – деді өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрбек Қарасаев.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер