astana-view

Тараздық кәсіпкер мыңнан астам маска тігіп, тегін таратты

2020 жылғы 21 Наурыз
- Жамбыл облысы
6027 просмотров

Алима Садыкова бастаған «Асыл-Ай» тігін фабрикасының ұжымы бірнеше күн бойы аяқтарынан тік тұрып, жамбылдық жағдайы төмен көпбалалы аналар мен мүгедек балалары бар отбасыларға тегін медициналық маскалар тігіп, таратты.

Масканы жуып, үтіктеп, қайта қолдануға болады. Бірнеше қабатты матадан тігілген, ауаны еркін өткізіп тұрады. Шығынның барлығын кәсіпкер өз қалтасынан шығарған.

«Мен өзге де Жамбыл облысының  тігін шеберхана иелерін игі істі жалғастыруға шақырамын. Ұлт қауыпсіздігін сақтау, коронавирусқа қарсы індетпен күресу – ортақ міндет. Әрине, қалтамыз көтерсе барлық тұрғындарға көмек қолын созар едік, алайда, шамамыз келгенше бір үйде төрт, тіпті 7-8 баласы бар отбасыларға, мұқтаж жандарға таратайық деп шештік.  Осындайда «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, әр кәсіпкер әлеуметтік жауапкершілікті сезінуі тиіс» - деді кәсіпкер Алима Садыкова.

Ательеге келіп, қазірде дәріханаларда бірден қымбаттап кеткен маскаларды тегін алып кетіп жатқан жандар алғыстарын білдіріп аямай айтып жатады - дейді бизнесвумен.

«Асыл-Ай» тігін шеберханасы 2005 жылдан бері жұмыс істеп, бүгінде Тараз қаласының 30-дан астам мектепті мектеп формасымен қамтамасыз етеді. Қазіргі заманғы стандарттар мен сұраныстарға сай бизнесвумен ерлер мен әйелдерге күнделікті киюге арналған «Жамбылда жасалған» брендімен шығаруға ниетті.

Айта кетейік, тігін шеберханасына өткен жылы Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының «Аға сенъерлар» жобасы бойынша Түркия елінен тегін сарапшы шақыртып, тәжірибе алмасқан болатын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер