astana-view

Төтенше жағдай: Балабақшалар карантин кезінде мемлекеттік білім беру тапсырысын алады

2020 жылғы 23 Наурыз
8981 просмотров

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында енгізілген төтенше жағдай кезінде мектепке дейінгі мекемелер балалар балабақшаға бармаса да мемлекеттік білім беру тапсырысын алады.

Облыстық маңызы бар қалаларда мектепке дейінгі мекемелер штаттық режимде жұмыс істейді, бұл ретте балалардың балабақшаға еркін бару қамтамасыз етіледі. Ал балабақшаға бармаған балалардың орны сақталады және олар нормаға сай тіркеуде тұрады. Сондықтан осы мүмкіндікті пайдалана отырып баланы үйде қарау және балабақшаға барудан бас тарту ұсынылады.

Елімізде 3800-ге тарта жекеменшік, 6500-ге жуық мемлекеттік балабақша жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, 19 наурыздан бастап Алматыда және Нұр Сұлтанда карантин енгізілген. Осыған байланысты, жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар өз қызметін тоқтатты.

Сондай-ақ, елімізде оқушыларды демалысқа уақытынан бұрын босатқан болатын. Олардың көктемгі демалысы 2020 жылғы 16 наурыздан 5 сәуірге дейін жалғасады.

Каникулдық уақытта білім алушыларға, педагогтарға және ата-аналарға "Күнделік", "Білім ал", "Мектеп KZ" электрондық журналдарына және басқа да қолжетімді ресурстарға тегін қол жеткізу қамтамасыз етіледі.

Педагогтар өз кезегінде білім алушылар мен ата-аналардың оқу тапсырмаларын электронды журналда және онлайн-режимде орындау бойынша міндетті кері байланысын ұсынады.

Төртінші тоқсанның басында билік қосымша үндеу жасайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер